"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Маска кию ережесі

25.01.2021

Медициналық масканы медицина мамандары, COVID-19 белгілері бар адамдар және COVID-19-ды жұқтыруда күдікті емделушілерге күтім жасайтын адамдар кию керек.

Сондай-ақ, 60 жастан асқан адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде медициналық маскалар кию керек.

Коронавирустық инфекцияның таралуы тіркелген жерлерде, сондай-ақ кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде COVID-19-дың белгілері жоқ адамдарға мата (медициналық емес) маска кию керек.

Сонымен қатар, масканы қолданған кезде оны дұрыстап кию және дұрыс тастау маңызды.

Масканы киер алдында қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Ауызыңызды және мұрныңызды маскамен жауып, бет пен маска арасында бос орындар жоқ екенін тексеріңіз.
Масканы қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз. Егер тигізсеңіз, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Масканы ылғалданған соң ауыстырыңыз және бір реттік масканы қайталап кимеңіз.
Масканы сыртқы жағынан шешіңіз (ішкі жағын қолыңызбен ұстамаңыз). Оны дереу жабық қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст