"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Жолда жүру ережесі" тәрбие сағаты "Ботажан" кезекшілік тобы

11.01.2021

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» балабақшасы»

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты «Жолда жүру ережесі»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                             Өткізген:Омарова.Г.З

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл

 

 

Тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы оқу қызметінің мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Бағдаршам, аялдама жол белгілері, жедел жәрдем машинасы, жеңіл көліктер автуобус.
Барысы:

Шаттық шеңбер

Арайлап күн атты,

Күн шуағын таратты.

Сәлеметсіздерме, қонақтар

Амансыздарма, достар.

 


- Балалар, бүгін аптаның қай күні?

- (балалар жауабы)

Ендеше далаға көз салайық ауа–райы қандай екен?  Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа–райы қандай болды? Не байқадыңдар?
- (балалар жауабы)
- Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Тәрбиеші: Дұрыс. Ауылымыз қалай аталады?
- Зеренді ауданында
Тәрбиеші: Ал енді сендер осы Зерендінің барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автобусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.
Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.

Тәрбиеші:

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
    2. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..
    3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
    4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
    5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
    6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

 

Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық. Міне қаламыздың ең үлкен көшесі келдік.

 
Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?
Балалар: Бағдаршам
Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?
Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?

Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық                                          
Жүрме жолға таласып.

    

Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп-түсетін жерге келдік бұл қай жер екен?
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді.
Біреуі отырады
Біреуі тұрады.
Балалар: Аялдама

- Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.

- Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта, баспа алға.

Сары көзін ашқанда,                            Арнат

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін,жасқанба.        

 

Автобусқа асығып

Жолдан кесіп өтпеймін.                          

Доп тепкендей асырып,

Жолды асырып өтпеймін.                  Артур

 

 

Қауіпті ғой көше тым

Қумай жолдың төтесін

Жолақшаларды іздеймін

Жаяу адам өтетін.                                  Марк

 

Жол шетіне келгенде

Тоқтай қалып мен демде

Көз саламын арнайы

Белгісі бар жерлерге.                           Рома Дрыгин

 

Үш көзі бар қатар

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашады.                        Амина

Жұмбақтар шешу

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.                            Аделя

 

Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.  (жол)                              Дияр

 

Сөйлегенді білмейді,

Бірақ, «Тоқта,жүр»-дейді.     (бағдаршам)                   Ержәнібек

 

Сергіту сәті

Орындықтан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарап, солға қарап

Орынымызға отырайқ.

Дидактикалық ойын: «Жол белгісін құрастыр!»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Тақтаға Жол белгілерін құрастырып, аттарын атап айту.

 

Қортындылау: Тәрбиеші:-Енді біздер көшеге шыққанда қауіп–қатерге ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау

 

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст