"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«Тәуелсіздігімді жырлаймын»

Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?

Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Қазақстан Республикасы.

Қазақстан қандай мемлекет ?

Егеменді,тәуелсіз  мемлекет.

Елбасымыз кім?

Қасым Жомарт Тоқаев.

Елорда бас қаламыз қай қала?

Нұр-сұлтан қаласы.

Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б

Олармен біз қалай тұрамыз?

Тату тұрамыз.

Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік  мағынасы  зор, тамыры  терең  ұғым. Оған   миллиондаған адамдарын  құрбандыққа шала  отырып қол жеткізеді.

Қазақстан  тәуелсіздікке қалай қол  жеткізгенін көру  үшін  тарихқа  көз  жүгіртейік.

Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.

 

35 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. Оған  Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан

Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.

Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл  оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,  Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді.

1 минут үнсіздікпен еске алу

 

Міне балалар бұ біздің қысқа ғана тарихымыз.

Ойын: «Ханталамай»

Мты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық сана сезімдерді ояту.

Өзіміздің жаттаған тақпақтарымызды  айтайық.

Інжу,Дамир,Полина

  

 

 

Дамир    

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

 

Інжу

«Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл қызға

Мағыналы, сымбатты

Бар осындай белгіміз

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол еліміздің!

 

Полина

Весь Казахстан я поздравляю!

Желаю мира и добра,

Земля пусть наша процветает

Всем хватит света и тепла

Народ живет пускай в достатке,

Пусть крепнет воля, дух побед

Желаю нынче Казахстану

Красивых и цветущих лет

Ойын: «Кім тапқыр?»

«Биік болсын тәуелсіздік жалауы! Елімізде әрқашан бейбітшілік болсын! Отанымыз тыныш болсын!» деп тәрбие сағаты аяқталады. 

Жаңартылған күні: 13.12.2021 13:04
Құрылған күні: 13.12.2021 13:04

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст