Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК«Балауса»балабақшасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлім: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
«Құлыншақ» ортаңғы тобы
Өткізген: Омарова Г.З
2020 жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: балаларды, бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшекетермен толықтыруға (тұмсық, көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.
Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңілді күйімізді сыйлайық.
Арайланып таң атты.
Күн шуағын таратты
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қайырлы күн, достарым!
Жылуыма жылу қос,
Бәріміз болайық дос!
Слайд
Қонаққа қоян келеді
Үстел үстінде сұлықпен жабылған ойыншық жабайы жануарлар тұр. Тәрбиеші:Сұлықтың шетін көтермін де, онда біреулер тығылып тұрғанын айтады. Жануарларды кезек-кезек алып шығады, балалар олардың аттарын атайды.
–Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жабайы жануарлар адамдардың үйінде тұрады ма, әлде орманда өмір сүреді ме?
–Олар орманда тұрады.
-Әрине, олар жабайы табиғат аясында өмір сүреді. Сондықтан оларды жабайы жануарлар деп атайды.
Жануарлар ормандар мен шөл далаларда, суық және ыстық елдерде өмір сүреді. Оларға ешкім де қамқор болмайды. Өз тамақтарын өздері тауып жейді және ұрпақтары туралы өздері қам жейді.
-Мынау –қоян, оның құлақтары ұзын және құйрығы шошақ, тоны сұр. Ол қасқыр, түлкі лерден қорқады. Сондықтан мен оны шыршаның астына тығып қойдым. Енді біз қоянға көп достарын жасап берейік,ол үшін мына ермексазбен қоянның бейнесін мүсіндейік. Ермексазды алақанымызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен созу арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан қоянның дене мүшелерін жасаймыз.
Енді басына көзін, тұмсығын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. Міне, осылай біз біртұтас қоянды мүсіндедік. Қонаққа келген қоянымыз риза шығар. Қане, барлығымыз жұмыстарымызда қонағымызға көрсетіп мәз қылып қуантайық. Ендеше, балалар, қонаққа келген қоянымызыды қасқыр мен түлкіге жем болып қалмасын деп шығарып салайық.
Қоян: -Сау болыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі, тату, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сендерге кездескеніме қуаныштымын!
-Сау болыңыз, Қоян!
Сергіту сәті:
Ақ қоян-ау, ақ қоян.
Орныңнан тұрсаңшы.
Бетіңді жусаңшы,
Шашыңды тарашы,
Әй-әй көйлек киші,
Бізге қарап тұршы.
Дидактикалық ойын: «Жасырылған аңдарды тап».
Шарты: тақтаға аңдардың суреттері ілінеді. Балалар көздерін жұмады. Жүргізуші бір аңның суретін жасырып, қай аңның суреті жасырылғанын сұрайды.
Ойын балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Рефлексивтік-түзетушілік:
Балалардың жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу қызметін аяқтау.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Нені білу керек: Мүсіндеу оқу қызметінде балалар жабайы жануарлардың мекені мен тіршілігі туралы әңгімелесіп түсініктерін кеңейте білді.
Нені игерді: Ермексазды алақандарына салып уқалап, шымши отырып қолдарының ұсақ моторикларын дамытуды игерді.
Нені білді: Жұмыс жасай отырып балалар қонақжайлылық, достық, қамқорлық деген ұғымдармен танысты.