"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Жақсылық жасай білейік" "Ботажан" тобы

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса»балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адал ұрпақ

 

Тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік»

(тәрбие сағаты)

 

 

 

 

 

 

                                                                           Тәрбиеші: Даргенова Ж.Ж

 

                                                     

 

 

 

                                                    2020ж

 

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік 

Мақсаты: Балалардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.

Міндеттері: - Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру. 

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер:

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, Табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,

Қош келдіңіздер, біздің сабаққа!

«Сәлемдесу» ойыны.

Тәрбиеші:Балалар, қане, бір – бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір біріңмен тез тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... өкшемен... арқамен.

Тәрбиеші: – Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

Әңгімелесу.

• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

• Жақсылық жасау деген не?

• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

• Жаман адамның бойында қандай қасиеттер болады?

• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?

- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?

- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?

- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?

Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.

Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Арнат: Мен жақсылық жасауды, кішілерге қамқор жасау, қарт кісілерге көмектесу кішкентайлардың көңілін қуанту деп түсінемін.

Әмина: Жақсылық жасау дегеніміз – қоршаған ортаны ластамау, гүлдерді әрқашан суарып жүру керек деп ойлаймын.

Дияра:Жақсылық жасау дегеніміз – тек қана адамдарға емес, қоршаған ортаны , айналаны барлығына қамқор көрсету, қайырымды болу. Егер адамдар бір-біріне жиі-жиі жақсылық жасай білсе, әрқашанда дос, бауыр болады. Бір-бірін сыйлап жүреді.

Шығармашылық жұмыс:

-Қазір алдарыңызда суреті бар тамшылар жатыр сол тамшыларға өмірде өздерің істеген бір жақсы істеріңнің біреуін ғана , тақтаға іле қойыңдар.

Дияр: Мен күнделікті анама үй жұмысыны көмектестім.

Аделя: Мен, сөмкесі ауыр әжейге көмектестім.

Рома: Мен гүлді суардым

Нурали: Мен әкеме көмектестім.

Сергіту сәті

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау - менің оң аяғым,

Мынау - менің сол аяғым

Жақсылыққа апарады.

Жүректен жүрекке

-Балалар жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.мына шарларды сіздерге ұсынамын.

Марк: Біздің балабақшамыз әдемі болсын деп тілеймін.

Айзере: Біздің еліміз гүлдене берсін деп тілеймін.

Даяна: тобымыз әр дайым бір-бірне жақсылық жасап қамқор болып жүре берсін деп тілеймін.

Мақал – мәтелдерді айту:

1. Жақсы сөз – жан семіртер.

2. Жақсылық жан жадыратар.

3. Жақсылық суға батпас,

Бір шығар, тегін жатпас.

4.Жамандық пайда етпейді,

Жақсылық зая кетпейді.

Жаңа ақпарат

«Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».

Ойын – жаттығу

Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.

Балаларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің ( гүлдің, жүрекшенің, көбелектің ) үлгісі таратылып беріледі. Әр бала қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.

Даяна:

Жақсы болу - өзіңнен, “

Жаман болу - өзіңнен,

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Нұрали:

Мен қандаймын?” деп ойла

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар

“Өзіңді тану” пайдасы.

Дияра:

Өмір сүруге «асық»!

Бақытты болуға «асық»!

Жақсылық жасауға «асық»!

Өзгені бақытты етуге «асық»!

Ержанибек:

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң- сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.

- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

- Талапты достарыма табыс тілеймін.

- Сыныптастарыма амандық тілеймін.

- Отбасыма бақыт тілеймін.

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Ата – анаға қамқор боп,

Асыл мұрагер болайық.

Досымызға берік боп,

Тату-тәтті болайық.

Әдепті де, тәртіпті

Жақсылығын қолдайық.

 

Жаңартылған күні: 09.10.2020 19:01
Құрылған күні: 09.10.2020 19:01

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст