"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Үш торай" "Тұлпар"тобы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

«Үш торай» ертегісі

Үстел-үсті театр

 

 

Өткізген: Тумирзина Д.Г

 

 

 

 

2020 жыл

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысна талдау жасауға, жан-жануарларға мейірімділік білдіруге, өзара көмектесуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу. Ертегіні сахналау арқылы қызығушылықтарын арттыру, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.

Автор:

Баяғыда ағайынды үш торай болыпты. Үшеуінің бойлары да, түрлері де, доп - домалақ, құйрықтарына шейін бірдей екен. Аттарының өзі ұқсас: Ниф - Ниф, Нуф - Нуф, Наф - Наф. Жаз бойы жасыл шөпте аунап, күнге қыздырынып, шалшықта рахаттаныпты.
Жаз өтіп күз келеді. Күннің көзі бұрынғыдай қыздырмайды, сары орманнның үстіне сұр бұлттар жиі үйіріле бастады.

Томирис– Наф – наф

 

- Қыс жақындап қалды. Үй салайық.

Алина – Нуф-нуф

  • Әлі ерте

Артем – Ниф-Ниф

  • Әлі ерте

Автор:

Олар жұмыс жайлы ойлағылары да келмеді. Олар таңертеңнен кешке дейін ештеме істемей, секірді, ойнайды. Күнде ертеңмен уақыт өткізді. Жол жиегіндегі шалшықтың бетіне мұз қата бастағанда ғана олар жұмысқа кірісті. Ниф - Ниф ешкіммен ақылдаспастан, бір кеште өзіне сабаннан үй тұрғызып алды.

 

Алина – Нуф-нуф

  • Менің үйім жап-жақсы, ол құламайды

Автор:

Наф - Наф болса тастарды тасыды, балшық езді, сөйтіп ол өзіне жаңбырдан, желден қорғанатын жылы, мықты үй салып алды.

Томирис – Наф – наф

  • Менің үйім мықты, ешқандай аң кіре алмайды.

Автор:

Торайлар ағаштың артында тұрған тірі қасқырды көріп қорқып кетті. Қасқыр енді ұмтыла бергенде бұлар шыңғырып қаша жөнелді. Әрқайсысы өз үйлеріне қарай жүгірді.

Ниф - Ниф үйіне жетіп есігін жауып алды.

 

Арман - Қасқыр

- Есігіңді аш, әйтпесе сындырамын – деді қасқыр.

Алина – Нуф-нуф

  • Ашпаймын

Автор:

Қасқыр: -"Ф - ф - ф - y - y - y"- деп үш рет үрлегенде оның үйінен дым қалмады. Ниф - Ниф қаша жөнелді.
Тез арада Нуф - Нуфтың үйінің алдында болды. Екі ағайынды есікті жауып үлгіргендері.

      Қасқыр торайларды алдамақшы.

Арман – Қасқыр

  • Мен кішкентай қозымын, үйге кірейінші

Артем – Нуф-нуф

  • Қозыны үйге кіргізейік

Автор:

Есікті аша бергенде, тісі ақсиған қасқырды көріп, есікті күштеп жауып алды. Ашуланған қасқыр бар күшін салып бес рет үрлегенде бұл үй дің де быт - шыты шықты. Торайлар Наф - Нафтың үйіне қарай қаша жөнелді. Ағасы есік ашып кіргізді. Екеуі ештеме айтуға шамалары келместен төсектің астына тығылды. Наф - Наф бәрін айтпастан түсінді. Есікті бекітіп, әндетіп орындыққа жайғасты.

 

Арман – Қасқыр

  • Үйге мұржа арқылы кіремін

Ақылды Наф - Наф пеште қайнап тұрған қазанның қақпағын аша қойды.
- Хош келдің! - деді Наф - Наф. Күйеге ып қарап тұрды. Қасқыр қайнап тұрған суға күмп етті. Қасқырдың жүні үрпиіп, көзі бақырайып, бақырған күйі келген ізімен кейін орманға қаша жөнелді. Үш ағайынды оның артынан мәз болып қарап тұрды. Содан бері ағайынды үшеуі Наф - Наф, Ниф - Ниф, Нуф - Нуф тату - тәтті бір шатырдың астында өмір сүріпті.

Жаңартылған күні: 21.12.2020 17:43
Құрылған күні: 21.12.2020 17:43

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст