Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
Ертегі сыр шертеді
Тақырыбы: «Үш аю»
«Ботажан» ортаңғы тобы
Өткізген: Джакибаева Ж.И.
2020 жыл
«Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегінің кейіпкерлерінің қимыл қозғалыстарын дыбыстарын дұрыс көрсетуге, айтуға үйрету. Балалардың көңіл күйлерін көтеру, ертегіге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Автор: Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Олар мен бірге кішкентай немере қыз тұрыпты, аты Маша бопты.
Бір күні ата үйдің алдын сыпыруға шығады. Осы кезде қыздар келеді, Машаны орманға шақырады. Ата Машаны шақырып айтады.
Ата (Арнат): Маша, қызым орманға баршы, саңырауқұлақ теріп әкелші. Қыздардан адасып қалма.
Маша (Адель): Жарайды ата. Сау бол!
Автор: Маша атаменен қоштасады, қыздарменен орманға кетеді.
Қыздар Машаның қолдарын ұстап, орманға қарай кетеді.
Саңырауқұлақ тереді. Маша қыздардан бөлініп, орманға қарай ұзап кетеді. Теріп жүріп, Маша қыздардан адасып қалғаның білмей жалғыс қалады. Сол кезде Маша қыздарды іздей бастайды.
Айқайлайды.
Маша (Адель): Ау-ау!
Ау-ау!
Автор: Қыздар келмегесін, Маша не істерін білмей, ары қарай кетеді. Келе жатса, алдын да бір үй тұр. Есігі ашық екен. Маша үйге кіреді, қараса үстел тұр, үстелдің қасында үш орындық тұр, үстел үстінде үш шара, үш қасық жатыр. Маша үстелдің қасына барып, бірінші үлкен орындыққа отырады, қасығын алып, ботқаны жейді, бірақ оған ботқа ұнамады. Маша қасықты қойып, орнынан тұрады. Содан кейін Маша екінші орындыққа отырады. Қасықты алып ботқаны жейді. Бірақ бұлда ботқа оған ұнамайды. Маша қасықты қойып, орындықтан тұрады. Үшінші орындыққа отырады, бұл орындық әдемі, кішкенай, Машаға ұнайды. Маша қасықты алып ботқаны жей бастайды. Машаға ботқа өте ұнады, ол бәрін жеп қояды. Содан кейін Маша орындықта отырып шайқай бастайды. Бір кезде орындық сынады.
Содан кейін Маша тұрады, келесі бөлмеге кіреді. Бұл бөлмеде үш керуерт тұрады. Маша бірінші керуертке барып, төсекке жатады. Бірақ Машаға бұл төсек ұнамайды, ол тұрады да, екенші төсекке жатады.
Бірақ бұл да, төсек оған ұнамайды. Маша тұрады, үшінші төсекке барады. Маша оған жатады, төсегі ұнайды. Маша ұйықтап қалады.
Бір кезде орманнан, шаршап, қарындары ашып, үйлеріне үш аю келеді. Аюдар ас бөлмеге кіріп, үстел басына барады. Үлкен аю орындығының қасына барып айтады:
Үлкен аю (Рома Д): Кім орындықты қозғады?
Ортаңғы ана Аю (Әмина): Кім орындығымды қозғады?
Кішкентай қонжық аю орындығының қасына барып айтады.
Кішкентай қонжық аю (Артур): Кім орындықты сындырды?
Автор: Содан кейін аюлар қасықтарын алады. Үлкен аю қасығын алып, айтады.
Үлкен аю (Рома Д): Кім қасықты алды?
Автор: Ортаңғы ана аю қасығын алып айтады.
Ортаңғы ана Аю (Әмина): Кім менің қасығымды алды?
Автор: Кішкенатй қонжық аю қасығын алып айтады.
Кішкентай қонжық аю (Артур): Кім қасықты алды?
Автор: Содан кейін, олар ботқаны жей бастады. Үлкен аю ботқаны жеп айтады.
Үлкен аю (Рома Д): Кім ботқаны жеді?
Ортаңғы ана Аю (Әмина): Кім ботқамды жеді?
Кішкентай қонжық аю (Артур): Кім менің ботқамды жеп қойды?
Автор: Содан кейін аюлар үстел басынан тұрып, қарындарын сипап, тұрады. Ұйықтайтын бөлмеге барады.
Үлкен аю төсегіне барып айтады.
Үлкен аю (Рома Д): Кім төсекке жатты?
Ортаңғы ана Аю (Әмина): Кім менің төсегіме жатты?
Автор: Кішкентай қонжық аю төсегіне барып, айқайлап айтады!
Кішкентай қонжық аю (Артур): Ай-ай-ай!!! Міне ол! Ұста!Ұста!
Автор: Осы кезде Маша оянады, қараса төсек алдында аюлар тұр. Маша атып тұрды да, қашты. Аюлар сонынан қорбандап құды. Маша тез-тез үйіне қарай жүгірді. Атасы мен әжесі алдынан шықты. Маша оларға келіп айтты.
Маша (Адель): Ата, анда аюлар!
Автор: Машаны ата мен әже қуанып, құшақтап қарсы алды.
Ал аюлар Машаны қуып жете алмай, өз үйлеріне орманға оралады.
Осыменен ертегі, аяқталды.