Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» бөбекжайы»
Ертеңгілік
«Наурызым-құт берекем!»
«Тұлпар» тобы
Тәрбиеші:Махамбетова.А.Н
2020- 2021 жыл
Тақырыбы: «Наурызым-құт берекем!»
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Сұрақ-жауап
Ән: «Дастархан»
Тәрбиеші:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Музыкамен Қаңбақ шал домалап келеді. Ой, қайда келдім. Армысыздар ағайын.
Тәрбиеші: Амансыз ба, Ата?
Қаңбақ:Амансыңба , балам! Мен балабақшада Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп, жолға шығып едім, бір жел тұрып, мені ұшырып ала жөнелді.
Тәрбиеші: Е - е, ақсақал қаңбақ шал деген ата сіз боласыз ба?
Қаңбақ: Иә, иә тура өзімін.
Тәрбиеші: Дәл үстінен түстіңіз, бізде наурыз тойы өтіп жатыр, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!
Қаңбақ: Рақмет! Мені осында келе жатыр едім, бір дәу жолда тұр, байқамай қағып кеттім, сол мені қуып келе жатыр ғой деймін. Қорқамын.
Тәрбиеші: Онда не істейсің?
Қаңбақ: Білмеймін. Қазір көреміз.
Музыкамен ДӘУ келеді. Әй, сен қаңбақ шал, сен мені неге қағып өтіп кеттің, тоқтамай. Алды – артыңа қарамай зырылдадың ғой.
Қаңбақ: Ее, дәуеке, қалыңыз қалай? (қол алысып амандасады)
Наурызыңыз құтты болсын! Жаңа бір жел тұрып, мені ұшырып, осында алып келді. Бұл Наурыз тойы. Наурызда ренжісуге болмайды, барлығы тату – тәтті жүру керек. Төс қағыстырып амандасады. Келші, бір құшақтайын.
ДӘУ: Қандай наурыз мерекесі?
Қаңбақ: Қазақ салты бойынша тойланатын наурыз тойы, біздің жаңа жылымыз.
ДӘУ: Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Ее, қаңбақ шал, сөйле, сөйле! Ондай болса, кел екеуіміз күш сынасайық, Кімнің күші көп екенін көрейік.
Қаңбақ: сынассақ, сынасайық Кел, ендеше, мына тастың құмын шығар.
Мынау шелек, осының ішіне сал.
ДӘУ: Мен оны бір қолымен – ақ езіп, құмын шығарамын. Міне, міне көрдіңдер ме? - деп балаларға көрсетеді. Қаңбақ шал көрдің бе, менің күшім қандай көп.
Қаңбақ: көрдім керемет екен. Ұстап көріп, сен тастың майын шығармапсың ғой.
ДӘУ: Енді сен көр, көрейін.
Қаңбақ: үстел үстінен көрсетпей тасқа май жағып алады. Қолында шелек тасты қаттырақ езіп, үстіндегі майын балаларға көрсетеді.
Міне тастың майын шығардым, дәуге көрсетеді.
ДӘУ: Таң қалады. Тастың да майы болады екен ғой. Ой керемет, керемет!
Қаңбақ: Әрине менің күшім көп.
ДӘУ: Енді тасты көтеріп көрейік, кімнің күші көп екен. Мен тасты бір қолымен көтеремін – деп мақтанады да, жерден тасты алып көтереді.
Ал, енді сен көтер.
Қаңбақ: Жаңа тастың майын шығардым, оны көрдің. Енді не істесем екен деп ойланып отырмын.
ДӘУ: Несіне ойланасың, бол сенің күшіңді көрейік. Көтер, көтер.
Қаңбақ: Егер, мен қазір тасты лақтырсам, қағып ала алмасам, аспан жерге айналып түсе ме деп қорқып тұрмын. Мен өзім үшін емес, сен үшін қорқып тұрмын.
ДӘУ:Жақсы жақсы көндім сенен қорқатын болдым ғой
Қаңбақ: Одан да, балалармен басқа ойын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу»
Тәрбиеші:Қаңбақ ата Дәу мырза қане дастархан басына жайғасамыз
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Рома
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты. Аида
Көктем келді,балақай,
Жарасады жер алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық. Елхан
Наурыз тойы-тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса. Дима
Наурыз келді сан құрып,
Жасарып жаңғырып.
Құлпырады жер мен көк,
Мейірім таң құрып. Ақмейір
Тәрбиеші:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
(Ұлдар биі) Ортаға жігіттерді шақырамыз
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы демекші ортаға Жаннұр атты қызымызды шақырамыз
Ән: «Алақай наурыз»
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тәрбиеші:Балалар ойын ойнасақ қайтеді
Ойын: «Күш сынасу»
Тақпақтар
Ұлтым қазақ дәстүрімбұл Наурыз,
Қазағым мен жасасып келе жатыр.
Қарсы алыңдар қазағымхалқым менің,
Ұлыстың ұлы күні бұл Наурыз. Арғын
Ғасырдан жеткен ғасырға,
Ұлтымның ұлы дастаны.
Жасай берсін мәңгілік,
Ғасырдан өткен ғасырға. Мансур
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден-
Құтты болсын бұл Наурыз. Жаннур
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Әз Наурыз»
Тәрбиеші: Ал, құрметті Гүлнұр апай, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Апай:Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Бесік жыры
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Тәрбиеші
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
Мың бұралған қыздарды ортаға шақырамыз
Би: «Домбыра» Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!