"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

« Көліктердің пайдасы»

Жас тобы: Ересектер тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұ.О.Қ: « Көліктердің пайдасы»

Ұ.О.Қ Мақсаты: Балалардың айтылым,тыңдалым дағдыларын және ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,аттарын,түрлерін ажыратуға үйрету.

Сөздік жұмыс:

Көлік-транспорт

Ұшақ -самолет

қайық -лодка

Рефлексия:

-Балалар көлік бізге не үшін қажет?

-Көліктің түстері,көлемдері қандай болады екен?

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, сергіту сәті,түсіндіру,мадақтау,кері байланыс алу,батыру әдісі.

Құрал-жабдықтар: Слайд,суреттер,бояулар,қақпақтар,губка.

АКТ ресурс атауы: Теледидар

Пәнаралық байланыс: сурет

Барысы: Балалар қане бір-бірімізбен, келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Күн күлімдеп нұр төкті,бізге жолдап...

Балалар:Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі бізге жолдап.

 Балалар: Сәлем!

Есте сақтап кеңесті,достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел қосылып айтайық бір-бірімізге ...

Балалар: Сәлем!

Негізгі бөлім:

Балалар қазір бізде қандай мезгіл?

- күз мезгілі

Күз мезгілінің айларын кім атап береді?

-қыркүйек,қазан, қараша

Дұрыс айтасыңдар күз мезгілі,күздің соңғы айы ,күн салқын ,ал сеңдер балабақшаға немен келіп жүрсіңдер?

Балалар: көлікпен

Дұрыс айтасыңдар балалар,біз бүгін ҰОҚ –де көлік жайлы әңгімелесеміз оның түрлерімен және көліктің пайдасын айтамыз.Ендеше теледидарға назар аударыңдар.

Слайдпен жұмыс

Көліктер төртке бөлінеді

Әуеде ұшатынкөліктер ( Ұшақ,тікұшақ,зымыран)

Суда жүзетін көліктер (Кеме,қайық)

Темір жол көліктері (поезд)

Жерде жүретің көліктер екіге бөлінеді ауыр  жүк көлігі және жеңіл көлік

(автобус,жедел жәрдем,өрт сөндіруші машинасы,жеңіл көлік т.б)

-Көлік бізге не үшін керек? (баланың жауабы)

 

Көліктермен біз өте ауыр заттарды тасймыз, мысылы құм,балшық,тас т.б үйге керекті заттарды тоңазытқыш,теледидар ауыр сөмкелер т.б

Баратын жерге тез жетеміз,міне балалар көліктердің өте көптеген пайдасы бар .

(Хат келген музыка ойнайды) Тосын сәт

Балалар бізге қояннан хат келді мен оқып берейін.

Хат

Балалар !!!

Сәлеметсіңдер ме!Мен сеңдерге алыс жақтан хат жолдап отырмын.Маған сеңдерден көмек қажет.Көлігім жолда сынып қалды,жөндеп беріңдерші.

Тәрбиеші: Балалар Қоянға көмектесеміз бе!

Олай болса ,шығармашылық алаңына барайық,сол жерден қоянға жаңа жеңіл көлік салып береміз.

Балаларға сурет салу үлгісің көрсету,түсіндіру.

Жеке –жеке жұмыс жасау.

Сергіту сәті: Көңіл-күй (музыка әуенімен)

(Машина дауысы шығады) Қонаққа қоян келеді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Балалар маған көмектескендеріне көп рахмет,көлігім тез жүріп сендерге тез жеттім,енді мен сеңдермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Көлік түрлерін ажырат»

Қоян: Жарайсыңдар балалар көлік түрлерін жақсы біледі екенсіңдер.

 

Қорытынды: «Түрлі-түсті ұяшықтар» интерактивті тапсырмалар.

-Көлік дегеніміз не?

-Көліктің қандай түрлерін білесің?

-Көліктің адамдар үшін қандай пайдасы бар?

-Барлық көліке ортақ не бар?

-Көлікті кім жүргізеді?

-Көлікте қанша терезе бар?

-Әуе көлітерін атаңдар?

-Су көліктеріне қандай көліктер жатады?

-Жол көлітеріне қандай көлік жатады?

 

Қоян: Балалар менім сендерге сыйлығым бар сендер маған үлкен көмек көрсеттіңдер менің сыйлығымды қабыл алыңдар.

Сыйлық тарату.

Күтілетін  нәтижелер:

Нені білу керек: ұқыпты,тиянақты жұмыс жасай алуды;

Нені игереді:көлік түрлерін әуе,жер ,су,темір;

Нені біледі:көліктің пайдасын;

Ақмола обылысы

Зеренді ауданы

Зеренді селосы

 

 

 

Ашық көрініс

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көліктің пайдасы"

 

                                                        Өткізген:Оспанова Н.Б

 

 

 

 

2021-2022 оқу жылы

Жаңартылған күні: 29.11.2021 14:42
Құрылған күні: 29.11.2021 14:42

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст