Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» балабақшасы»
«Кел ,Жаңа жыл!»
(Ертеңгілік)
Метепалды даярлық «Тұлпар» тобы
Тәрбиеші: Исабаева .А.К
2019ж
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін әрі қарай
қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.
Хормен және жеке ән,тақпаққтарын айту шеберліктерін
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға биімдеу.
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, әріптестер кішкентай бүлдіршін балалар, сендерді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа жыл барлық тіршіліктің иелеріне жаңа үміт,табыс,мол бақыт, қуаныш,ерекше махаббат сыйласын. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақтарыңызда болсын. тек қана жаңа жылда көптеген жақсылықтарға, қуаныштар- ға жете берейік. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы қандай арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылдың тағы да
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға біздің
Кішкентай бүлдіршіндерімізді.
-Балалар осы келген Жаңа жыл мерекесі құтты болсын ал ендеше қол ұстасып шыршаны айналып бір ән шырқап жіберейік.
Хор Ән: «Орманда шырша туылды »
Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы бұл не екен?Қанекей жақындап көрсек қайтеді?Бала-лар бұл қолғап сияқты қанекей орнынан қозғап көрсек қалай болады екен?
(Осы кезде қолғаптан Қоян мен Түлкі шығады)
Қоян:Балалар бұл не шу, бұл менің үйім ғой .
-Ал сендер неге сондай әдемі болып тұрсыңдар? Қандай мереке? -Ал сендермен бірге Жаңа-жылды қарсы алуға болады ма?
(Осы кезде артынша үйшіктен Түлкі шығады)
Түлкі:Қоян досым мен де сенмен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлағым келеді Бірге бар-сам бола ма?
Қоян:Әрине балалармен бірге көңіл көтерейік.Олай болса балалар бір ойын ойнайық.
Түлкі :Алақай,алақай ойын ойнайық
Ойын: «Аққала құрастыр»
(Осы кезде Аю мен Қасқыр шығады)
Қасқыр:Қоян ,Түлкі сендер неге шулап жүрсіңдер?Асыр салып ойын ойнап қуанып қандай мереке екен?
-Аю досым келші мында балалар Жаңа-жыл мерекесін тойлағалы тұр. Аю: - Балалар, ал Аяз ата мен Ақшақар қайда? Олай болса барлығымыз бірге үш рет дауыстап шақырамыз
Аяз ата,Ақшақар деп дауыстап шақырамыз.
(Осы кезде Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата: Армысындар, балаларым, бармысындар халайық! Өздерін сияқты балардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Мен сеңдерге қаншама сыйлықтар әкелдім. Жаңа жыл құтты болсын!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Жаңа-жылдарың құтты болсын! Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін,жырмын,тақпақпын.
Аяз ата: -Балалар, ал сендер менің қолғабымды көрген жоқсыңдар ма?
Мен қолғабымды жоғалтып алдым. Ақшақар қызым бірге қолғабымды іздейікші.Осы кезде
Түлкі: Ата ата міне сіздің қолғабыңыз
Аяз ата: Жарайсың Түлкі жан рахмет саған бұл менің қолғабым ба?
Тым үлкен болып қалған сияқты.Олай болса сиқырлап жіберейін.
(Осы кезде қолғаптан Тышқан шығады)
Аяз ата:Тышқан сен не істеп жүрсің? О алақай Тышқан сен менің қолғабымды тауып бердің рахмет саған.
Тышқан: Сәлеметсіңдерме балалар Жаңа-жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Аяз ата қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр,сіз өзіңіздің сиқырлы таяғынызбен шырмамыздың шамдарын жағып беріңіз.
Аяз ата балалармен бірге қосылып:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Жүргізуші: Ал, балалар, мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз ата алыстан шаршап келді, отырып дем алсын.
Біз тақпақтар айтып аяз атадан тәтті сыйлықтар алайық.
Ықылас Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
Иссана Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Нұрбек Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Айнель Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Радион Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Аружан Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Жүргізуші: Бақша іші мереке, Ойын күлкі асқақ ән -дей отыра ортамызға жаңа жыл әнімен Абылай мен Аянатты шақырамыз. Ән: « Жаңа жыл»
Аю: -Балалар менің сендермен ойын ойнағым келеді ,қасқыр досым балалармен бір ойын ойнасақ қайтеді.
Ойын: «Кім жылдам»
Аю:Қасқыр досым орманға оралатың кез келді балалармен қоштасып жолға аттанайық менің ұйқым келді
Қасқыр: Олай болса орманға оралалайық ,менің қарным ашты.
сау болыңдар достарым келесі кездескенше.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Бишілерді ортаға
Би: «Шығыс биі»
Тәрбиеші: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсың Жаңа жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын Жаңа жыл – деп, балаларды тақпақтармен шақырамын Әдемай Таяғы бар қолында
Қар борайды соңында
Қандай сыйлық бар екен
Арқалаған қабында.
Абылай Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз біз тамсанып.
Би билейміз, ән салып,
Барлық бала қуанып!
Рамина Новый год мы ждали с лета,
И дождались наконец
Дед мороз принес подарки,
Ну какой же молодец!
Мы закружимся у елки,
С нами трудно заскучать,
Будем петь и веселиться,
Будем просто зажигать
Ерасыл Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Ажар Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Жүргізуші:
Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйренді көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп,- Ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар
Би: «Қарақшы »
Торай: Мен ескі жылмын. Сіздерге молшылық бақыт әкелдім.
Мына келген жаңа жылға тілерім:
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертен ғаламат,
Алдыңғы сапта боларсың,
Қош сау болыңдар, балалар. (кетеді)
Жүргізуші: -Аяз ата біздін балаларымыздың сізге айтар тағыда тақпақтары бар.
Салтанат Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Аянат Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!
Айша Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Айзере Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айлана Здравствуй, дедушка мороз!
Волшебство ты нам принес
Самый добрый ты на свете
Самый лучший на планете!
Очень любишь ты детишек,
Даже маленьких плутишек
Всех-всех-всех ты удивляешь,
Сновым годом поздравляешь!
Жүргізуші:
Менің қуыршақ қыздарым,
ортаға шығып келеді
Таң қалдырып өнерін
Бәрі билеп береді.
Ортада «Қуыршақтар» биімен қарсы алыңыздар
Би: «Қуыршақтар»
Ақшақар:Балалар қане жай тұрмай бір ән шырқап жіберейік
Хор ән: «Шыршаға бардық»
Аяз ата: Ақшақар қызым біз балалардың өнерлерін тамашаладық ал енді сыйлық беретін кез де жетті ,ал мен бағана қолғабымды іздеп жүргенде сыйлығымды ұмытып кеттім.
-Ақшақар қызым енді нестейміз .
Ақшақар : -Ой,ата ия расында балалардың сыйлығын ұмытып кетіпіз ,енді нестедік ,балалалар сыйлық алғысы келеді.
Тышқан: Аяз ата,ақшақар сіз уайымдамаңыз ,қазір мен бір шешімін табамын,менде бір ой бар , ата қазіргі осы дамыған жаңа заманда мынандай техника бар ,бұл автомат машинасы,оған карточка салсақ ,автомат балаларға сыйлық береді .
Ақшақар: Алақай ,-тышқан жыл басы өзін қандай ақылды тапқыр едің
Аяз ата: -Ия ,бұл өте керемет автомат машина екен.
Рахмет саған тышқан. олай болса балаларымыз сыйлықтарын алып мәз болсын
.
Тәрбиеші: Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері, бұл күні ғажайыптың боларына сенеді.Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жылда балалар сендердің амандықтарыңды тілеймін. Аналарына шуақ, әкелеріне қуат сыйлаңдар ! Жаңа жыл сәбилердің жарқын күлкісінен айырмасын, дендері сау болып, бал дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!
Аяз ата - Балалар біздің сыйлығымызға риза болындар. Ал, енді біз естелікке сендермен суретке түсіп ,сосын жолға шығайық басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріндер, өркендей беріндер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!
Тәрбиеші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді келесі жылда асыға күтеміз. (Аяз ата мен Ақшақар кетеді)
Құрметті, балалар 2020 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңа тек бақытпен қуаныш әкелсін!!!