"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Кел,Жаңа жыл" "Бөбек" тобы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» балабақшасы» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кел, Жаңа Жыл!»

(мерекелік ертеңгілік)

                Жауапты: Джакибаева.Ж.И

Оспанова.Н.Б

                                                                                              

 

 

 

 

 

 2019 жы

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы тұсінік беру. Аяз ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әсемділігіне қызықтыру.Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнерімен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

1 жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, әріптестер кішкентай бүлдіршін балалар, сендерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл жаңа табыс, мол бақыт, тек қана жаңа жылда көптеген жақсылықтарға, бақыт, қуаныштарға жете берейік.

 

1 жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы қандай арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылдың тағы да

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға біздің

Кішкентай бүлдіршіндерімізді.

1 жүргізуші: Балалар, осы келген Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, ал ендеше қол ұстасып шыршаны айналып бір ән шырқап жіберейік.

Ән: «Жаңа жыл»

1 жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бұл не екен? Қанекей, жақындап көрсек қайтеді? Балалар, бұл қолғап сияқты қанекей орнынан қозғап көрсек қалай болады екен?

(Осы кезде қолғаптан Қоян шығады)

Қоян: Балалар, бұл не шу, бұл менің үйім ғой. Ал сендер, неге сондай әдемі болып тұрсыңдар? Қандай мереке? Ал сендермен бірге Жаңа-жылды қарсы алуға болады ма?

(Осы кезде артынша үйшіктен Түлкі шығады)

Түлкі: Қоян, досым мен де сенмен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлағым келеді. Бірге барсам бола ма?

Қоян: Әрине, балалармен бірге көңіл көтерейік. Олай болса, балалар, бір ойын ойнайық.

Түлкі : Алақай, алақай ойын ойнайық.

Ойын: «Шыршаға дейін жүгір»

(Осы кезде Аю мен Қасқыр шығады)

Қасқыр: Қоян, Түлкі сендер неге шулап жүрсіңдер? Асыр салып ойын ойнап, қуанып, бұл қандай мереке екен?

Аю, досым келші, мында балалар Жаңа-жыл мерекесін тойлағалы тұр балалар, ал Аяз ата мен Ақшақар қайда?

Аю: Олай болса, барлығымыз бірге үш рет айқайлап шақырамыз Аяз ата, Ақшақар деп айқайлап шақырамыз.

(Осы кезде Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз Ата: Армысындар, балаларым, бармысындар халайық! Өздерін сияқты балардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Мен сеңдерге қаншама сыйлықтар әкелдім. Жаңа жыл құтты болсын!

Ақшақар: Сәлеметсіңде ме,балалар.Жаңа-жылдарың құтты болсын! Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

1 Жүргізуші: Ал, енді Аяз ата, Ақшақар  сіздерге дайындаған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Марк

За окном кружит снежок

В белом хороводе

Артур

Это значит,что уже

Праздник на подходе.

Айзере

Аяз ата  келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр

С.Санжар

Аяз ата келеді 

Бізге кәмпит берді.

 

Аяз ата: Балалар, ал сендер менің қолғабымды көрген жоқсыңдар ма? Мен қолғабымды жоғалтып алдым, Ақшақар қызым бірге қолғабымды іздейікші. Осы кезде

Түлкі:Ата ата міне сіздің қолғабыңыз

Аяз ата:Жарайсың, Түлкі жан, рахмет саған, бұл менің қолғабым ба? Тым үлкен болып қалған сияқты. Олай болса сиқырлап жіберейін.

(Осы кезде қолғаптан Тышқан шығады)

 

Аяз ата: Тышқан сен не істеп жүрсің? О, алақай, Тышқан сен менің қолғабымды және балалардың сыйлықтарын тауып бердің рахмет саған.

Тышқан: Сәлеметсіңдерме, балалар, Жаңа-жыл құтты болсын!

Аяз ата  балалармен бірге қосылып:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Аю:Балалар менің сендермен ойын ойнағым келеді Қасқыр досым балалармен бір  ойын ойнасақ қайтеді.

Ойын: «Қар жинау»

Аю:Қасқыр досым орманға оралатын кез келді балалармен қоштасып жолға аттанайық менің ұйқым келді

Қасқыр:Олай болса орманға оралатын кез келді сау болыңдар достарым келесі кездескенше.

1 Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады.

Бишілерді ортаға

Би: Гномики

1 жүргізуші:

 Құтты болсын Жаңа жыл – деп, балаларды тақпақтармен ортаға шақырайық.

        1. Әмина

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

        2.Жалғас

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

       3. Дамина

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

       4. Сейтхан

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр.

Ақшақар:Балалар қане жай тұрмай бір ән шырқап жіберейік

Ән: «Аяз ата»

Тышқан:

Жаңа жылда жаңа бақыт, таныштық

Жаса,жаса,достық,бірлік, туыстық

Құттықтайық жаңа жылды өнермен

Қуаныштың әр минуты тым ыстық

Торай: Мен ескі жылмын. Сіздерге молшылық бақыт әкелдім. Мына келген жаңа жылға тілерім:

Жасампаз заман, бұл заман

Бүгіннен ертен ғаламат,

Алдыңғы сапта боларсың,

Қош сау болыңдар, балалар. (кетеді)

Тышқан:Балалар бір биді билеп жіберейік

 «Снежинки»

Аяз ата: Балалар, біздің сыйлығымызға риза болындар. Ал, енді біз жолға шығайық, басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріндер, өркендей беріндер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!

1 Тәрбиеші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді келесі жылда асыға күтеміз. (Аяз ата мен Ақшақар кетеді).

2. Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар, балалар, 2020 Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 09.01.2020 09:54
Құрылған күні: 13.01.2020 11:58

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст