Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді селосы
«Балауса» бөбекжайы»
«Наурызым –құт берекем!»
Өткізген: Амангельдинова А.С.
2021жыл
Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
Музыка әуенімен балалар кіреді жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың Сергей
.
Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің. Ұ. Мирас
Наурыз прекрасный, светлый праздник
Явас сердечно поздравляю
Добра и счастья всем желаю Полина
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын. Алина
Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз София
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжіткен сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе, қайдан жүрсің? балаларымыздың өнерін бірге тамашаланыз.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық. (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе: Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Батырлар» ұлдар биі
Жүргізуші: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Арқан тартыс » ойыны
Жүргізуші: Енді осы кышкентай өнерлі балаларымызды өмірге акеліп, өнерін тамашалауға келген ата аналар және көрермендермен «Сыр-сандық» атты сұрақ-жауап ойнаймыз.
Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық» Ата-аналарға араналған сұрақтар:
– Өмірде не тәтті? (Ананың сүті)
– Өмірде не қымбат? (Бала, Отан)
– Жыл басы? (Наурыз)
– Қасиетті сан? (Жеті саны)
– Өмірде не жұмсақ? (Ананың алақаны)
Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз әжеміз де келе жатыр екен. Әже жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз.
Әже: Амансыңдар ма, балаларым! Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін!
Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық . Дамир
Ән мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық . Егор
Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық. Інжу
Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы мереке
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз. Алмат
Наурыз тойын тойлайық ,
Қызығына тоймайық. Максим
Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Би: «Шұғыла» қыздар биі
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық, «Балаға ат қою» рәсіміне кезек берейік. Олай болса, біздің ортамызда, ақ жаулықты әжеміз «Балаға ат қою» рәсімін көрсетіп, батасын берсін. Бәріміз бірге тамашалайық.
ӘжеҰлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)
Жүргізуші: Қане балалар үстел басына жайғасайық.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Наурыз әнін саламыз.
Жүргізуші: Олай болса «Дастархан!» атты әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Дастархан»
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!