"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Менің сүйікті мамандығым"

«Менің сүйікті мамандығым».

      Рухани жаңғыру-бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі,ана-тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған. Өйткені болашақ- жастардың қолында.Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы.Мәңгіліклік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың рөлі ерекше.
     Мен үшін өміріндегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – Тәрбиешілік. Мамандық талдау-  әр адамның ең маңызды шешімі. Мен «Балауса» балабақшасында 2014 жылдан бастап «Тәрбиешілік» деп аталатын қиын да, қызық әлемге апарар мамандық иесі болуға бел будым. Арманым орындалды, бұл қасиетті соқпаққа «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін.

ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Өйткені, біз жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін сіңірудеміз. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз. Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...
     Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл... Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс - бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай. Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін... Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс - әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен.
    Қорыта келгенде, жаңғыру жолындағы жас маманның атқарар рөлі, бұл

елбасымыздың жастарға, жас мамандарға, яғни біздерге нық сеніммен қарап

отырғаны сөзсіз. Енді осы сенімді қолға алып, әрі қарай еліміздің

кемелденуіне, гүлденуіне зор үлес қосуымыз қажет. Осылайша барлығымыз

ерінбей еңбек етсек, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына косыларымыз хақ.

 

 

«Ботажан» тобының тәрбиешісі Тумирзина Дана Ғанижанқызы..

Жаңартылған күні: 09.01.2020 11:37
Құрылған күні: 13.01.2020 11:05

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст