"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Праздничная, щедрая Золотая осень

«Мерекелі, берекелі алтын күз!»

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді. 

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Мерекелі, берекелі алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

 Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.

Би: «Көңілді күн»

 

Жүргізуші: Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

Хор : «Күзгі жаңбыр»(балалар өз орындарына отырады)

 

Балалар тақпақтары

 

 

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық. (Нұрсая)

 

Күздің қазан айында,

 Алма, алмұрт піседі.

 Жапырақтар сарғайып,

 Сыбдыр-сыбдыр етеді.  (Арман)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.    (Інжу)

 

Көбейді құт береке,

 Астық толы қамбамыз.

 Құтты болсын мереке,

 Алтын күзді тойлаймыз.    (Бақтуар)  

 

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.      (Дамир)

 

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.  (Артем)

 

 

Жүргізуші    Балалар  бізге сонау алыстан «Күз  ханшайымы» келеи жатқан сияқты(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны  жайсаң тал мүсін.

 Ханшайымы күздің  бүгін келіп тұр,

 Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Тұлпар» тобына арнайы келдім.Маған  өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар:Ия

 

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар  әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды, өнерлі.

Күз ханшайымы:Ондай болса  балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

                                  Ағайынды бәрі,

                                  Шықса –жасыл

                                  Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

                      Жайнап гүлдей жүріңдер.

                      Күздің тойын тойлайық,

                      Би-билейік ойнайық.

Би: «Қырманға кел»

 

Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.

Балалар тақпақтары:

 

 

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді     (Ұ.Мирас)

 

 Алма

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал,

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал      (Сергей)

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен маржандай шиемін

Күн сәулесін сүйемін

Жемістерім піскенде,

Жерге басымды иемін    (Абдурахим)

 

Қияр:

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде ,

Бес алғандай қуандым

 

Сәбіз:

Өсіретін бойыңды ,

Дамытатын ойыңды.

Қоянғада азықпын

 Сәбізбін жазықсыз

 

 

Ортаға әнші қызымыз Трофимова Полинаны шақырамыз

Ән: «Осень»

 

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?Балалар  Ия

Күз:Ендеше ойынымызды бастайық.

Ойын: «Жаңбыр суы».Ойынның шарты бойынша мына екі жақтағы жағбырдың суын баспай , айналып мәреге жету керекпіз. Ендеше ойынымызды бастайық.

 

Күз:Балалар ойын ұнадыма? Балалар :  Ия

Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып тұрып әнімізді орындап берейік

Хор:  «Алтын күз »

 

Балалар тақпақтары:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен  күз деген

 

 

 

 

 

Наступила осень

Пожелтел наш сад

Листья на березе

Золотом горят.  (Полина)

Не слыхать веселых

Песень соловья

Улетелт птицы

В дальные края     (Тимофей)

 

Осень, осень не спешу

И с дождями подажди

Дай еще нам лета

Солнышка и света    (Алина)

 

Здравствуй, осень! Как дела?

Ты на долго к нам пришла?

Приготовила уж краски

Чтоб одеть деревьям маски?(София)

 

Жүргізуші: Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз, бақшаға баратын,

Алақай-ау күн жақын

Ән: «Жаңбыр »Дожа Інжу мен Есеенева Нұрсаая

 

Жүргізуші: Балалар тағы ойын ойнап серігіп алайық

Ойын : «Кім жылдам»

 

Жүргізуші:

Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама

Мың бұралып, билеген

«Көкеністер мен жемістер» биімен ортада

Би «Көкеністер мен жемістер»

 

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы балаларға сыйлықтарын таратып, қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.

Жаңартылған күні: 25.10.2021 15:47
Құрылған күні: 25.10.2021 15:47

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст