Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» бөбекжайы
«Мектеп білім ошағы»
«Тұлпар» тобы
Тәрбиеші: Тумирзина Д.Г
2021жыл
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Әнұран орындалады
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Касым Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Балауса» балабақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге тақпақ айтып бергісі келеді.
Тақпақтар
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз, Инжу
Құтты болсын тойымыз.
Білім керек бәріне
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге, Мирас
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.
С днем знаний мы хотим поздравить
Сегодня целый детский сад,
Всем воспитателям желаем
Послушных, умненьких ребят,
Ну а детишкам пожелаем
Веселья, смеха и добра, Полина
Пускай они все успевают,
Им знанья получать пора!
В День знаний дошколятам
Желаю не скучать!
Учиться, развиваться,
Чтоб умненькими стать. Алина
Совсем чтоб не болели,
Мечтали о большом,
Чтоб были друг для друга
Отличным образцом!
Тәрбиеші:Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Өлең: «Жаңбыр,жаңбыр»
Ойын: Ғажайып қоржын
Мақсаты:ғажайып қоржынның ішінен бірнеше заттар ойыншықтар,оқу құралдары бар.Сол заттардың ішінен оқу құралдарының бірі бөлек,ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.(балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып,бөлек жинайды)
Тәрбиеші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Бөбектердің мерекелік тартуларын қабыл алыңыздар!
Би: «Мереке»
Хор: «Білім күні»
Тәрбиеші: Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!