Мерекелік ертенгілік
«Шуағын шашқан –аялы алақан»
Ортанғы«Құлыншақ»тобы
Өткізген: Исабаева.А.К
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ,аяулы ата- аналар, ақ жаулықты әжелер, ұлағатт ұстаздар, тәрбиеші апайлар қыздар! Міне, көктемнің алғашқы күндері 8-наурыз мерекесі де келіп жетті. Ана- өмірдің гүлі , көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Бұл көктем сіздерге қуанышпен жақсылық әкелсін! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер- дей отырып «Шуағын шашқан –аялы алақан» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі, Сұлулықтың негізі. Әдемі сөз адамның Аналарға айтар лебізі. Армысыңдар, әжелерім, аналарым, Мейірбан аппақ көңіл даналарым. Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді «Құлыншақ» тобының балалары!
Жүргізуші: Әже дейміз, бәрімізде аңқылдап, Әже дейді жас сәбиде жарқылдап. Әже – деген бәйтерегі өмірдің, Әже – деген алтын қазық, алтын бақ, Немере үшін ең мейірімді жан әже, Жалықпай ойнаған ол жасырынбақ.
демекші әніміз әжелер құрметіне арналады.
Хор: «Әжем мені өтте жақсы көреді»
Жүргізуші:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
Балалар: -Көктемде!
Дұрыс айтасыңдар, балалар көктемде.
Олай болса балалар көктем ханшайымын шақырайық
Музыка сүйелмеумен, залға билеп Көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, (балалар амандасады)
құрметті қонақтар! (қонақтар амандасады)
Көктем: Наурыз айы көктеммін,
Күлемдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға,
Жылулық нұрын төккенмін.
Жүргізуші: Келгеніне қуаныштымыз, төрлет Көктем. Балалар сізді көп күтіп, сізге тақпақ өлең,билерін дайындады.
Жүргізуші:
Бүгін – наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Балалардың тақпақтарын қарсы алыңыздар
Арина Мы танцуем,мы поем, Праздник этот долго ждем, Чтобы мам поздравить всех, подарить им счастье смех. Лизза Бабушку и маму
Крепко обниму
Пусть они узнают
Как я их люблю
Амир Анаң болса қасыңда басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет
Ясмина Анам-өмір шырағы Анам-өмір бұлағы бесігімнің жыр әні Жүрегімде тұрады
Жүргізуші: Жарқын жүзді жан адам, Сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан. Қыздарымыздың «Қуыршақ» биін қарсы алыңыздар
Ойын: «Серуенге дайындал»
Қанаттанса балапан Қалайынша ұшпайды. Әрбір қыз, әрбір балапан, Анасына ұқсайды -деп
Арина мен Альбина қыздарымыздың орындауында
«Мамочка милая мама моя» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!-дей
біздің бүлдіршіңдердің тақпақтарын тындаңыздар
Айлин Аялаған анашым Мәпелеген анашым Менің саған тілегім Қартаймашы анашым
Алиша Әлпештеген баласын айналайын анашым. Арлан Аппақ мамам,ақ мамам «Ақ мамам» деп мақтанам Түн ұйқыңды төрт бөліп «Бөпешім» деп жатпаған Дария Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Бізді ана қуантып Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Ананың біз гүліміз, Ана-біздің күніміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз! Ұлдарымыздың «Флешмоб» биін қарсы алыңыздар
Жүргізуші: Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен-деп аналарымызды ортаға ойынға шақырамыз
Ойын: «Бұрым шаш»
Жүргізуші: Шалқып-тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз-деп Ортаға Лизза, Варвара қыздарымздың «Матрешка» әнін қарсы алыңыздар
10. Жүргізуші: Шуақты көктем күні
Мейірімді сүйікті
Анамызға қол бұлғап
тақпақтар айтамыз.
Варвара
Мама и бабуля
Поздравлаю вас!
Вы же красотули
Краше всех у нас!
Дарья Мамочка,красивая, Добрая и милая! С 8 марта,мамочка, Самая любимая! Ева Мамочку поздравлю Милую свою! Маму дорогую Больше всех люблю
Альбина Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Бізді ана қуантып Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Гүлдер, гүлдер Әдемі гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер!
Би: «Гүлдермен»
Жүргізуші:
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен де жақын маған.
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Жігерленем, батылданам деп-Ясмина қызымыздың
«Көп жаса анашым» әнін қарсы алыңыздар.
Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші: Ақ жүректі сақтаған, Жарқын жүзің бақ маған. Ақ бетінен сүйемін, Келші, келші, ақ мамам.
Ән хор«Ақ мамам» қарсы алыңыздар
Ару көктем : Сыйлықтар таратады
Жүргізуші:
Ана-деген бәйтерегі өмірдің,
Ана-деген қуанышы көңілдің.
Ана-деген әрбір үйдің жылуы,
Ана-деген гүлі туған өмірдің.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.