"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Шуағын шашқан - аялы алақан"

Зеренді ауданы

Зеренді селосы

«Балауса» бөбекжайы

«Шуағын шашқан-аялы алақан"

                                                                     Тәрбиеші:ДаргеноваЖ.Ж

                                                                                          Омарова Г.З

                                                2022 оқу  жылы

«Ана – асыл жан»

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.                                                                                                                         Тәрбиеші:Адам үшін ең аяулы, ең қадірлі жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.

Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!

Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймын!

 (Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар  кіреді)

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық

Ән: «Топ топ алақан»

Тәрбиеші:Сегізінші наурыз бүгін

Аналардың мейрамы.

Құттықтаймыз шын көңілмен

Сәби балғын тілекпен,-дей отырып, балапандарымыздың орындауындағы тақпақтарды қабыл алаңыздар.

Айтсаң болды тіл алам,     Ізбасар                               

Әйбат мамам, ақ– мамам.

Ақ анашым, аппағым,       Ғазиз

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Анашым деп мақтанам,   Амира
Айналайын ақ мамам.

Ана, сені құттықтап,   Егор
Әндетеміз бәріміз.

Ана біздің күніміз     Әсима
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Тәрбиеші:Көктем келді, наурыз келді,

Жер көгерді, ел көгерді.

Дастарқанын жайып дарқан

Жақсылық пен бақыт шашқан,

Жер көгеріп, малға толсын,

Ырыс тасып берекелі,- демекші, ортамызға әсем, әдемі қыздарымызды қарсы алайық.

«Лента» биі

Тәрбиеші:Еліміздің несібесі көп болсын,

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,

Даламызға бұл мезгіл құт болсын!

Ойын: «Гүл құрастыру».

Тәрбиеші:Олай болса аяулы аналарын

құттықтауға асыққан бүлдіршіндердің

ыстық ықыласын таңдайық.

Анаң болса қасында    Томирис
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Құтты болсын мерекең    Мирас
Құттықтаймын анашым!

Мамочка, мамуля,           Катя
Я тебя люблю,
И 8 Марта
Цветы тебе дарю.

Мамочка любимая,      Тамара
С праздником тебя:
От души подарок,
Только для тебя!   

 

Ана пана,Ана дана.    Найля

Өмірге әкелетін, Ана ғана.

Ойын:«Қыздарды сәндейміз»

Тәрбиеші:Би билейміз бұралып,

Тақпақ айтсақ құба-құп

Қоштап қолды соққанда,

Қаламыз-ау қуанып.

«Ұлдардың биі»

Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Құттықтаймыз мейраммен,    Ясмира   
Құрметті, біздің әжелер!

Ақ әжемді әрқашан,       Нұралі

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

Будь, как солнышко веселой,     Олег
Яркой, молодой, здоровой.

Тәрбиеші: Ән «Маме в день 8 марта»-орындайтын Кияткина Екатерина.

Тәрбиеші:Ардақты аналар,апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке игі жақсылықтар әкелсін. Деңдерңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын.

«Шуағын шашқан-аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңыздар.

Жаңартылған күні: 10.03.2022 16:38
Құрылған күні: 10.03.2022 16:38

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст