Атақты жаңашыл педагог В. А. Сухомлинский былай жазған: «Ойынсыз бала ақыл-ойының толыққанды дамуы мүмкін емес
әрі дамымайды. Ойын – бұл түсініктің, ұғымның жанды
ағыны баланың рухани әлеміне құйылатын үлкен терезе.
Ойын – бұл ізденімпаздық пен білуге құмарлықтың отын
жағатын ұшқын».
Марблс тастар эстетикалық тартымдылығы осы ойынға заманауи балаларда жаңа, жоғары технологиялы ойыншықтарға қарсы қызығушылық күшейтті. Марблс шарлары бар ойындар-баланың физикалық және ақыл-ойын дамытады.
Мақсаты – екі жастан асқан балаларға арналған көңілді әрі пайдалы ойындар. Баланың бүкіл өмірі-ойын. Сондықтан баланы оқыту процессі онсыз өтпейді. Тактильді сезім, ұсақ моторика, ойлау операциялары балалар ойынында дамиды. "Марблс" тастарын қолдану-балаларға қызықты оқытудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі.
Ойын барысында бала босайды, эмоциялық күш алады, түрлі дағдыларға үйренеді. Әдемі, дұрыс, сауатты сөйлеу дағдысын ойын жағдайларында қалыптастыру оңай. Балаларда марблс тастарымен ойнай отырып, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, назар, қиял дамиды.
Жұмыс істеу кезендері
І кезең
Тас жинау
Марблс тастарымен жұмыс істеуді бастау үшін әртүрлі түстегі, пішіндегі, текстурадағы тастар жинау керек. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулардың көп түрін әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сипаттамасы бойыншпа табу», «Ұстап көріп тану», «Тақырып бойынша бөлу», «Түсі бойынша бөлу», «Пішіні бойынша бөлу», «Өлшемі бойынша бөлу», «Мөлдір-мөлдәр емес», «Қара - ашық»,
«Тегіс-тегіс емес» ойындарын ойнауға ұсынамыз. Бұл ойындар мен жаттығулар балалардың заттардың белгілеріне қарай жіктеулі туралы түсініктерін қалыптастыруға, ұсақ моториканы дамытуға, сөздік қорларын байытуға, сөйлеу тілін дамытуға, дербестікке, алғырлыққа ықпал етеді.
ІІ кезең
Иллюстрациялар картотекасын құру
Марблс тастарынан сурет құрау үшін иллюстрациялардан картотека жасау – жұмыстың келесі кезеңі. Мұндай жұмыс көркемдік және эстетикалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Арнайы иллюстрациялар болмағандықтан, ермексазбен сурет салу үшін дайын иллюстрациялар қолдандық. Иллюстрациялар картотекасы «Жануарлар», «Көлік», «Ертегілер «Ойыншықтар» тақырыптарын қамтуы мүмкін.
Марблс тастарымен берілген тапсырмаларды орындау процесінде балалар сезімінің барлық түрі дамиды, әлемді сезімдік тануы жетіледі, ынтасы, санасы, қызығушылығы артады, дербестікке деген ынтасы қалыптасады. Тастардың түстік үйлесімінің алуан түрлілігіне, пішіндері мен өлшеміне байланысты балалардың ынталы қызметіне, эмоционалды және эстетикалық тәрбиесіне деген алғышарттар қалыптасады.
Тастар баланың еркін ассоциациясы үшін ынталандырушы материал ретінде қолданылады. Белсенді қиял әдісін қолдану жұмыстың ықтимал бағыттарын айқындауға, сұранысты анықтауға және көп жағдайда қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Марблс тастарды топтарыңызда ашуланатын, тез жылайтын, қызғаншақ, ойын кезінде басқа балаларға кедергі жасайтын тәрбиеленушіге беруге болады. Ойын түрінде, санамақ түрінде немесе түсін ажырату ойындарын ойнатуға болады. Марблс тастарын ағаш, тас және шыны түрінде пайдалануға болады. Марблс тастары көп сөйлемейтін түйық сөз қоры аз балаларыңа қажеттілігі жоғары. Марблс тастарымен мектеп жасына дейінгі балалар өте жоғары қызығушылықпен ойнайды. Марблс тастармен жұмыс үлкендерге де өте пайдалы.Тастардан энергия алуға болады.