Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» бөбекжайы»
«Досыма сыйлық»
«Кұлыншақ» ересектер тобы
Өткізген: Тумирзина Д.Г
2021 жыл
Тақырыбы: «Досыма сыйлық »
Мақсаты: Балабақшадағы достары жайлы, олармен достық қарым-қатынаста болу туралы түсінік беру. «Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып , достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу. Достарына арнап өз қалауынша сыйлық жасу, түрлі-түсті қағаздардан қажет заттың пішінін жабыстыруды үйрету. Ұсақ қол моторикаларын дамыту. Достық жайында көркем сөз айту. Желіммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. Әсемдікке, сұлулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Тізеге қолды қоямыз.
Денемізді тік ұстап,
Тәрбиешіні тыңдаймыз.
Білім алу үшін дұрыстап.
Өлең сөздерін бірнеше рет қайталайды, қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар бізде қазір қай жыл мезгілі?
-Далада қандай өзгеріс болып жатыр?
Балалар мен сендерге тақпақ оқып берем, не жайында екенін анықтаңдар
-Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?»
-Дұрыс айтасыңдар, балалар әр адамның өз досы болады.
-Барлығымыз жақындап, қолымздан ұстап өз досымызға жылы тілектеріңді айтыңдар .
Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың. Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар ма?
-Балалар достарың көңілсіз болса не істер едіңдер?
-Олай болса, алдымызда қандай құралдар көріп тұрмыз? Дәл осы құралдардың көмегімен өз достарыңа арнап сыйлық жасап үйреніп алайық.
1. Жасалу жолдарын көрсетемін
2. Балалар бір біріне жапсырады.
3. Әр бала өз еркімен қажет пішінді сызады
Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
4. Әр кезеңді балалармен бірге орындау
Ақ қағаз бетіне дайын болған шар, доп, гүл т.б. заттарды салу.
Дайын болған сыйлықты, достарына сыйға тартады.