Тақырыптық сабақ: «Отан қорғаушылар күні»
Өткізген: Исабаева.А.К
Күні:06.05.2022
Тобы: Ортанғы «Құлыншақ» Тақырыбы:«Отан қорғаушылар күні»
Сабақтың түрі: Тақырыптық сабақ
Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Адамгершілікке, Отанын сүюге, онын қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу.Үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу
Ән: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Шаттық шеңбері:
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың, достарым!
Армысың, қонақтарым!
1.-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.
2.-Ауа –райы қандай болып тұр ? Күн ашық
3.-Көңіл-күйлер қалай? Жақсы.
4.-Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан
5.-Еліміздің президентті кім? Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы
Слайд: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Әңгіме жүргізу. -9 Мамыр-Жеңіс күні мерекесі. Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды. Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.
9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын.
Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек.
-Қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. -Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүлшоғын қойып, батырлар есімін еске алады.
Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың батырлар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова.
Сергіту сәті. «Катюша» әнін орындау
Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?
Ясмина
Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Арина
Айтамыз біз өлеңғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.
Амир
Әскердегі ағамыз.
Одан үлгі аламыз
Бізде сондай боламыз.
Мақал – мәтел:
«Отан – оттан да ыстық»
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!» қайталау
Қорытынды.
-Біз бүгін не жайлы айттық?
Хормен ән: «Біз Отанды сүйеміз»
- Рақмет, балалар!
Мадақтау. Жұлдызша тарату
- Осымен «Отан қорғаушылар күні»! ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!