"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Республика күні"

«Мен Отаныммен мақтанамын!»                                                                                                                   

Мақсаты:
 Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-4 жыл мезгілі бар

- Қанеки, атап шығайық

- Қыс, көктем, жаз, күз

-Ал қазір қандай жыл мезгілі?

-күз мезгілі

-Күз мезгілінде неше ай бар?

- 3 ай бар

-Кім атап береді?

- Қыркүйек, Қазан, Қараша

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар.

  Қазан айында қандай мереке күндер бар білесіңдер ме?
Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика күні.
Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.                                                                         

Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Кәне балалар Отан деген не?
-Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?

-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы:                                                                                                                   

     -Орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.
Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.
 Шаттық шеңбер:

 Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,                                                                                                        

Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.
Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,
Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..
Тәрбиеші:Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
 

 Ғазиз: Туған елдей,ел болмас                                                                            

Туған жердей,жер болмас.                                                                     

Нұралі: Күнді құшқан қос қыран,  
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Егор:Туған елім-туған бесігім!
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

-Ту, елтаңба, гимн.

-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.

-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?

-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.

 (слайд бойынша балаларға түсінік беру)

Қ/о: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Суреттердің көлеңкелерін тез тауып, орналастыру.
Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы тақпақ айтып жіберейік.

Балабақша үйіміз,

Сені жақсы көреміз.

Үлкен болып өскенде,

Еске алып жүреміз!

Қорытынды.

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

Жаңартылған күні: 05.11.2024 11:15
Құрылған күні: 05.11.2024 11:15

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст