Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Балауса» балабақшасы
«Елін сүйген - Елбасы!»
№2 кіші «Балапан» тобы
Өткізген:Даргенова Ж.Ж
2019-2020 жыл
Тақырыбы: «Елін сүйген-Елбасы»
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Шаттық шеңбер.
Армысын,Алтын күн!
Армысын, Күн шуағы!
Армысын,Қасиетті Жер ана!
Армысын,достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Түнғыш Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Тұңғыш Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.Ал енді балалар мынау суретте кім деп ойлайсындар?Ол біздің қазырғы елбасшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Арлан:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Дияра:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бексултан:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Медина:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Димаш:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Мелина:
Мұндай шаттық сыйлаған,
Ұлттың бәрін жинаған.
Құтты болсын мерекең
Елбасымыз Нұр ата.
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп құрастырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Сергіту сәті: Би «Қара жорға»
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!