Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» балабақшасы»
Тәрбие сағаты
«Тәуелсіздік-тұмарым ,Мәңгілік ел тұрағым»
Тәрбиеші:Махамбетова.А.Н
2020 жыл
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұмарым ,Мәңгілік ел тұрағым»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Қасым Жомарт Тоқаев
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Нұр-сұлтан қаласы
Ән ұраны орындалады
Тақпақтар
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам Ақмейір
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той. Глеб
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем! Жаннур
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме Бекарыс
Жүргізуші:
Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Демекші Тұлпар тобының балаларының хорын қабыл алыңыздар
Хор: «Тәуелсіз ел ұраны»
Жүргізуші
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Сәбира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Тақпақтар
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі. Мансур
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген. Арғын
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.Елхан
Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған ауылым. Настя
Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім. Рома
Жүргізуші:
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін демекші.
Би: «Сұлу қыздар»
Көне дәуірден келе жатқан біздің қазақ халқымыздың ұлттық ойындары
Ойын: «Арқан тарту»
Жүргізуші
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Ортаға Жаннур атты әнші қызымызды шақырамыз.
Ән: «О туған жер!»
Жүргізуші:Ортаға біздің болашақ елімізді қорғайтын жігіттерімізді шақырамыз
Би: «Қазақ биі»
Ән: «Қазақ жері»
музыка жетекшісінің орындауында
Жүргізуші:
Жүргізуші: Құрметті әріптестер мерекелеріңіз құтты болсын!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.
Осымен құрметті қонақтар «Тәуелсіздік-тұмарым,Мәңгілік ел тұрағым» атты шағын мерекеміз аяқталды.