АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  ЖАНЫНДАҒЫ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ «БАЛАУСА»БӨБЕКЖАЙЫ МКҚК
ГККП ЯСЛИ- САД «БАЛАУСА» СЕЛА ЗЕРЕНДА ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ  ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Контактный телефон

8 (71632) 21-7-99

Консультативный пункт 87713770133

Социальные сети

      

             

 

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

"Независимая страна-Казахстан"

                                                    Ақмола облысы

                                                     Зеренді ауданы

                                                      Зеренді ауылы

«Балауса»балабақшасы

 

 

 

 

                           Тақырыбы: «Тәуелсіз ел-Қазақстан»

 

                                                       Жауапты: Оспанова.Н.Б

 

                                                 

                                                      2019 жыл

Жүргізуші: Құрметті «Балауса» балабақша ұжымдары ,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіз ел -Қазақстан» атты  ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

 (Балалар қолдарында жалаушалары бар муз.залына шығады,әуенмен шығады)

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кіргізілсің).

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің  сәні ешқашан бұзылмасын.

Жүргізуші: Келесі кезекті мен тәуелсіздік мерекесіне орай жаттаған балалардың өлең жолдарына беремін,ортаға «Күншуақ» тобының балаларын шақырамын.

Аяулым

Тәуелсәздік –ел  болу,

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

 

Шырайым

Қыста келген бақыт бұл,

Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін,

Әлемге елім шашып тұр.

 

Нұрайым

Тәуелсіздік ұлы күн,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен,жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.

 

Айгерім

Сарыарқаның даласындай

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

 

Жүргізуші: Қазақтың жері кең байтақ,

                  Бабамның берген еншісі.

                   Желбірей бер көк байрақ

                  Отанымның белгісі.-дей отыра мен кішкентай Дияра қызымыздың орындауында  «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңімен ортаға шақырамын.

Жұргізуші: «Тұлпар» тобының балаларын тақпақтарымен ортаға шақырамын.

Айнель

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында калған күн

Айша

Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні-бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні-бұл.

Әдемай

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім елтаңбам

Абылай

Отан деген-атамекен

Отан деген-туған жер

Отан-анам,Отан-үлкен

Қазақстан –туған ел.

Нұрбек

Қазақ жері сәніміз

Жемісі мол бағымыз

Саясында жетілер

Баллдай бала шағымыз.

 

Жүргізуші: Әділдік жеңіп соңында.

                    Тәуелсіз болды еліміз

                    Татулықпен бірлікпен,

                    Гүлдей бер, туған жеріміз.

 Би: «Қазақ би» мың бұралған қыздарымызды биге шақырамыз.

Жүргізуші: Балалар қане сеңдердің болашақ ел қорғайтың батыр бола алатыңдарыңды   тексеріп көрейін.

Ойын: «Оқтау тартыс»

Жүргізуші: «Құлыншақ» тобының балаларын тақпақтарымен ортаға шақырамын.

Арғын

Тәуелсіздік-бабам берген аманат.

Тәуелсіздік келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Аймира

Мерекеге шығады

Бұкіл халық,біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік –ұлы той.

Жаннур

Тәуелсіздік –баққыты ғой елімнің,

Тәуелсіздік шаттығы ғой  жерімнің .

Арманына жету үшін күрескені,

Тарихта шежіре боп қалған екен.

Жүргізуші: Хор : «Күншуақ»тобының балаларының орындауында «Қазақсан» әнің қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Тәуелсіздік келді деп,

                      Оралды қайта салтымыз

                      Баянды болғай енді тек

                      Бақытты біздің халқымыз-дей отыра «Ботажан» тобының тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Айдар

Менің жерім –Қазақстан !

Туған елім-Қазақстан!

Ән жырым да-Қазазақстан!

Байлығым да –Қазақстан!

Палина

Отан деген –атамаекен

Отан деген-туған жер.

Отан-анам,Отан үлкен,

Қазақстан –туған ел.

Алмат

Отан жерім,Отан елім

Міне менің   қазақ жерім.

Жүргізуші: «Құлыншақ» тобының орындауында «Әрқашан күн сөнбесін».

Жүргізуші; Келесі кезекті «Балапан»тобының  балаларының жаттауларын тыңдайық.

Дияра

Бабамның  да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға.

Арлан

Көк туымды қолыма

Бүгін берік    үстадым,

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Жүргізуші: «Тұлпар» тобының орындауында «Туған жер» әнің қабыл алыңыздар.

Балалар мерекекге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін би «Флешмоб»

                        Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!-дей отыра бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.

 

 

 

 

 

 


Текст