"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Ғарышкерлер күні" тақырыптық сағат

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» бөбекжайы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық сағат:

«Ғарышкерлер күні»

 

 

 

 

Өткізген: Тумирзина Д.Г

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жыл

Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер:
Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың достарым!

Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
ғарышкер

Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.

Слайд: Аспан әлемі


Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин

Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады?

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетанызерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.

Тақпақтар:

Мирас:    Көкке ұшамын

                 Ұшқыш болар баламын.

                  Соңына ерем

                 Ер ғарышкер ағаның

 

Артем:    Тоқтар менен Талғат

                    Ғарышқа ұшты самғап

                    Ел мерейін өсірді

                    Көк пен жерді жалғар

Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Әуен арқылы жаттығу жасату.
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Жарайсыңдар балалар!

Ойын: «Зымыран құрастыру» «Зымыранды бояу»

  

Қорытынды:

  • Ең бірінші ғарышқа кім ұшты?
  • Қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
  • Ғарышқа не арқылы ұшты?

Зымыран қалай ұшады

Жаңартылған күні: 06.05.2021 12:45
Құрылған күні: 20.04.2021 15:32

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст