"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Алтын күз - мереке, күз - береке!" ("Тұлпар" МАД тобы)

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ата-аналар,  қонақтар! Бүгінгі «Алтын күз – мереке,  күз - береке» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жапқандай жапырағы іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді
Сабырлы сары алтын күн келді
Ортада «Тұлпар» тобының балалары,  қарсы алыңыздар!
Ән: «Алтын күз келді»
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы, бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-4 жыл мезгілі бар
- Қанеки, атап шығайық
- Қыс, көктем, жаз, күз
-Ал қазір қандай жыл мезгілі?
-күз мезгілі
-Күз мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар
-Кім атап береді?
- Қыркүйек, Қазан, Қараша 
Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар.
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
(Музыка ойналады, ортаға Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: 
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!
Жүргізуші: Балалар, аздап шаршаған боларсыңдар, келіңдер сендермен бір ойын ойнайық
Ойын: «Аяғыңды сулап алма»
                                            
     
Музыка ойналып, ортаға тышқан келеді де, залда тұрған қаптарды қарай бастайды. Сол кезде қап артында жасырынып отырған балалар кезекпен тұрып, өздерінің тақпақтарын айтып береді. 
 
Әсима:  (Бидай)
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Елжас (Арпа)
Күміс мұртты арпамын
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын
Егор (Тары) 
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарызын
Ясмира (Сұлы)
Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым
Баптаған әр диқанға 
Басымды иіп тұрамын
Ульяна (Күріш)
Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім
Тышқан: «Сәлеметсіздер ме, қандай керемет дәнді-дақылдар. Қандай әдемі жер» - деп таң қалады.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, тышқан. Қош келдің біздің мерекемізге. Біз Алтын күз мерекесін тойлаудамыз, кел бізге қосыл.
Тышқан: Рахмет, қуана қауана келісемін. 
Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Қолшатыр»
 
Жүргізуші:  Жапырақтар сап - сары
Қонып жатыр жерге кеп
Қызықтап бау - бақшаны
Шаттанады бал - бөбек.
Ендеше балаларымыздың тақпақтарын тыңдап  көрелік:   
Ислам
Думан толы асқарлы                                                             
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Алан
Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.
Ізбасар
Сарғайды тоғай,
Сап — сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.                
Аяна
Құстар қайтып барады
Күн салқындап қалады
Қысқы ұйқыға дайындық
Табиғатта байыптық
Санжар
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Жүргізуші: 
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арнаған
Әнімізді шырқаймыз.
Нұрәлі мен Айшаның орындауында «Жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Жаңбыр»
Алтын күз. Әнді де, тақпақты да өте керемет айттыңдар.
 Балақайларым, енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнаймыз ба?                                                     
Ойын «Сиқырлы орамал» 
Жүргізуші: Ортаға балаларды тақпақтарымен шақырамын.  
Ғазиз 
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Найля 
Күз, күз, күз
Келді бізге алтын күз
Алихан
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Айшаханым
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Аяулым
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Медет
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Тышқан: Менің келген қонақтармен бір қызықты ойын ойнағым келіп тұр. 
Ойын «Кім жылдам?» (ата-аналармен)
 
Жүргізуші: Келесі кезекті ұлдарымыздың биіне берейік. 
Би «Қарманға кел»
 
Жүргізуші: Біздің топтың ата-аналары «Күзгі жәрмеңке» атты қолөнерлер байқауына белсенді түрде ат салысты. Ата-аналарды марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: 
Күз сыйлығын алыңдар
 Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.- деп балаларды  «Күз келді» әнімен  ортаға шақырамыз.


Ән: «Күз келді»
 
Күз ханшайымы:  Менің басқа сендер сияқты бүлдіршіндерге баруым керек. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар!
Тышқан: Алтын күз, мен де сенімен барып мерекені тойласам болады ма? Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін
Күзге біз де ризамыз
Аянбаған ел үшін
Берекелі де мерекелі күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан ажырамасын. Күз мерекесіне арналған «Алтын күз – мереке,  күз - береке» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет!

Жаңартылған күні: 05.11.2024 11:07
Құрылған күні: 05.11.2024 11:07

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст