"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Адамгершілік асыл қасиет" тәрбие сағаты "Тұлпар" тобы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

МКҚК «Балауса»балабақшасы

 

 

 

 

Адал ұрпақ

«Адамгершілік -асыл қасиет»

«Тұлпар» Мектепалды даярлық тобы

 

 

 

 

                                                                                                       Өткізген: Исабаева А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020ж

 

Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»
Мақсаты: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.                        Мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Суреттер, ырым- тыйымдар.                                                             Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме

 

1. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Шеңбер – бұл әлемде  мейірімділік, жақсылық.

Енді осы шеңбер арқылы жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағын                    бір-бірімізге күлімдеп қарап, гүл шоғы арқылы бақыт, қуаныш,                      жылылық  лебіздерімізді білдірейік.

 

       

 

2.Кіріспе әңгіме

-  Балалар, бізде бүгін «Адамгершілік - асыл қасиет» атты тәрбие сағаты.

«Адамгершілік – асыл қасиет» Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, балалабақша және мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана  алу адамның жақсы қасиетін білдіреді.            

Ізгі ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

 

 

3.Суреттер бойынша әңгімелету.

- Балалар енді мына суреттерге  назар аударайық.                                                             Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады.                      Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

      

-Балалар ,осы тақатадағы суреттерді, бір-бірден келіп бірге әңгімелейік.                    -   Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз?                                                                     Ұл бала ағаш отырғызып  жатыр.                                                                                             Бұл бала  қандай бала?
 Әрине жақсы бала.
-         Келер суретке қарайық.  Не көріп тұрмыз?
-         Отырғызып қойған ағашты бір бала келіп сындырып жатыр.                     Екінші бала құстың ұясын бұзып жатыр . Бұл қандай балалар?                                                                        

 -   Иә,тәртіпсіз жаман балалар екен.
-   Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?                                                       
- Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз.                                                 Радмир :
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
 Альмира :
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
  -    Өте жақсы балалар.                                                                                                        Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау  әдеп.                                   Біз осы адамгершілік  қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..

Автобус аялдамаға келіп тоқтапі Ішіне әжей кіреді.                                                        Сол кезде оған ешкім орын бермейді.                                                                                                            

      
-    Балалар, қараңдаршы осы  дұрыс па?, әлде бұрыспа?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтады.
-Жоқ дұрыс емес,үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек.                                                                        Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып,өз ойларын білдірді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды  әжейге беріп, отырғызу керекпіз.                          Зейнеп: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

                                                                                                          Сәлем- сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы.                                                                 Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
Ақмиір: - Таныс адам келсе, оған барып сәлеметсіз бе!- деп амандасқан жөн.                                Мансұр: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда екі қолды беру керек.
-    Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.

Ұл-қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:                                                                                                      «Сәлем- сөздің анасы».

-    Балалар,сөздік ойынын ойнайық.                                                                      Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алуға мән беру .Суретті әңгімелеу.

        

             

 

 

Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа, нанмен ойнама

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма. Т.б

 

- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінгі  тәрбие сағатын мына өлең шумағын бәрімәз хормен қайталау  арқылы аяқтайық.

Жақсылықтан үйреніп,
    Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан

 

 

Жаңартылған күні: 22.11.2020 18:17
Құрылған күні: 22.11.2020 18:17

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст