Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балабақшасы
Тақырыбы: «Адал дос»
«Күншуақ» кезекшілік тобы
Өткізген: Амангельдинова А. С.
2020ж
Тақырыбы: "Адал дос"
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру,
Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Адал дос, достаса білуге, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, үйретіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, ойындар
1. Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар: Сәлеметсіздерме.
Тәрбиеші: Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі? Бір аптада неше күн бар? Біз неше күн балабақшаға келеміз? Балабақшада сендер достарыңыз барма? Мирас айтағойшы сенін тобында досың кім? Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.
2. В. Осееваның «Екі дос» әңгімесі.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, осы баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.
3.Ойын. «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
4.Сергіту сәті Ойын "Ауа райы"
— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.
Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?
Қорытынды:
— Бүгін не туралы өттік?
— Тобымыз арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?
— Оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Мен сендерге өте қуаныштымын.