"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Родной язык-твоя совесть" открытие недели языков

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» бөбекжайы

 

 

 

 

 

Ана тілің-арың бұл!

«Тұлпар» тобы

«Күншуақ» тобы

 

 

Өткізген: Тумирзина Д.Г

 

 

 

 

 

2021ж

 

Мақсаты:

Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, тақпақ арқылы балалардың  дүниетанымын, ой өрісін дамыту.Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Әнұран орындалады

Жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Хор: «Салем Қазақстан!» («Тұлпар» тобының балалары)

Жүргізуші: Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

«Күншуақ» тобының тақпақтары

 

 

   

Амина

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігін,

Ана тілің,біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Али

Отан деген – атамекен,

Отан деген-туған жер

Отан-ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

 

Дамина

Өнер –білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

 

 

Дияр

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып –жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды

 

Айзере

Бала,бала,бала! деп,

Түнде шошып оянған.

 

Арнат

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

 

Жүргізуші: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

«Тұлпар» тобының тақпақтарын тамашалаңыз.

 

Полина

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

 

Інжу

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

 

Нурсая

Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым.

 

Жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Хор: «Отан» («Күншуақ» тобының балалары)

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл-арым, иманым,

Аманат,саған,аманат!

Жаңартылған күні: 07.09.2021 10:26
Құрылған күні: 07.09.2021 10:26

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст