"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Досыңа берік бол" тәрбие сағаты

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Досыңа берік бол»

(Адал ұрпақ тәрбиесі)

 

«Ботажан» кезекшілік тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:Даргенова Ж.Ж.

 

 

 

                                                 2021 оқу  жылы

Тақырыбы: "Досыңа берік бол"
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 

Пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, талдау
Керекті – құралдар: Үлгі,  мозайка, дайын бейне фильм, музыка.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар: Сәлеметсіздерме.

Тәрбиеші: Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі? Балабақшада сендердің достарың бар ма? Дияра  айтағой сенін тобымызда досың кім? Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.

Ғажайып сәт:
Есік қағылып, топқа Жалқаубек келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мен Жалқаубекпін, сендер де не болып жатыр? Қонақтар да көп екен.
Тәрбиеші:
Жалқаубек, бізге келгенің қандай жақсы болды. Кел балаларға қосыл, осылай кір қожалақ, жалқау болып жүре бересін бе?
Жалқаубек: Енді не істеймін? Менің достарым да, үйімде жоқ. Ешкім менімен дос болғысы келмейді.
Тәрбиеші:Неге олай дейсің, сен бізге қосылсаң, досың да үйің де, ойыншықтарыңда барлығы болады.
(Жалқаубек шығып кетеді)
Балалар, бүгін біз, Жалқаубекке көмектесейік, онымен дос болайық. Ендеше Жалқаубек келгенше, біздің балалардың дос туралы өз пікірлерін тыңдайық.
(Бейне сюжет көрсету)
Тәрбиеші:Балалар ұнады ма, достық туралы айтқан пікірлер? Дос не екенін түсінген шығарсыңдар.
Кане, Жалқаубек келгенше, достық туралы тақпақ айтайық
Арнат:

Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.
Дамир:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Жалқаубек, тап - таза киіммен кіреді)
Тәрбиеші:Балалар, Жалқаубек уәдесінде тұрып, жуынып, тап - таза болып келді. Енді бізде уәдемізді орындайық. Барлығымыз, мына мозайка  қорапшасын бір біріне жалғап,, үй құрастырайық.
(Музыка әуені қойылады)
Сергіту сәті: Ойын "Ауа райы"

— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.

Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?

Тәрбиеші:
- Міне, үйіміз дайын болды.
- Балалар, үйден қандай геометриялық пішіндерді көріп отырсыңдар?
- Үйдің неше қабырғасы бар?
- Уй шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Үш бұрышын кім көрсетеді?
- Дұрыс кім маған 1- ден 3- ке дейін тура, кері санап береді?

Құрастырған үйдің қабырғаларында әр түрлі түстер бар. Сендер қандай түстерді білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар!
Міне, балалар үйіміз дайын, біз енді бұл үйді Жалқаубекке сыйға берейік, айтқан уәдемізді орыдайық, ол да бізбен бірге үй құрастыруға көмек берді.
Жарайсың, Жалқаубек!
Балалар, Жалқаубекпен дос боламыз ба?
Жалқаубек, сені бұдан былай «Білгішбек»- деп атаймыз, енді жалқау бол ма, біздің балабақшаға кел. Достарың көп болады, білімді, өнерлі боласың.

Мадақтау: Балалар сендерге рахмет, бүгін үлкен жақсылық жасадыңдар. Сонымен сендерге бүгінгі іс - әрекет ұнады ма?
Досымыз көп болу үшін қандай болуымыз керек?
Барлығыңа рахмет!
Барлығымыз достық туралы әнмен, бүгінгі іс – әрекетті аяқтаймыз.
«Дос болайық бәріміз»
Сөзін жазған X. Талгаров
Әнін жазған И. Нүсіпбаев

 

Жаңартылған күні: 17.02.2021 12:27
Құрылған күні: 17.02.2021 12:27

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст