"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Мектеп жасына дейінгі балаларға логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.

Мектеп жасына дейінгі жас – баланың жеке басының тұлғалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Таза және дұрыс сөйлеуді қалыптастырмай, қарым-қатынас дағдыларын игеру және қоршаған әлеммен қатынас орнатуды үйрену мүмкін емес. Соңғы жылдары, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар санының өсуі көп байқалуда.

       Логоритмика – бұл түзету, білім беру және сауықтыру мәселелерін шешуге бағытталған тапсырмалар, музыка мен қозғалысқа негізделген ойындар, сөздер мен  қозғалыстар  және музыкалық жаттығулар жиынтығы.

      Музыка, қозғалыс және сөйлеу байланысына сүйене отырып, логоритмикалық ойындар мен жаттығулар әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-  Есту және көру зейінінің дамуы;

-  Фонемалық естуінің дамуы;

-  Кеңістіктік қозғалыстардың ұйымдастырылуының дамуы;

-  Жалпы және ұсақ мториканың, мимиканың дамуы;

-  Физиологиялық және фонациялық тыныс алудың дамуы;

-  Дыбыстардың артикуляциясының қалыптасуы;

-  Ырғақтық сезімнің дамуы.

         Логоритмикалық сабақтар тек сөйлеу-моторикалық жаттығуларын ғана қамтымайды (саусақ жаттығулары, буынұйқастар), сонымен қатар, релаксациялық әдістерді(массаж, самомассаж, тыныс алу жаттығулары, коммуникативті ойындар), сондай-ақ мимикалық жаттығудар, жүру мен жүгірудің әртүрлі түріндегі жаттығуларды қолдануға болады.

          Логоритмика келесі элементтерден тұрады:

-  Логопедиялық гимнастика (сөйлеу органдарын дыбыс шығаруға дайындайтын артикуляциялық аппарат мүшелерінің бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені);

-  Дыбыстарды машықтандыру және ажыратуды жаттықтыруға арналған буынұйқас;

-  Ұсақ моториканы дамытуға арналған саусақ гимнастикасы;

-  Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бұлшықеттік қимыл және үйлесімді қозғалысты жаттықтыруға бағытталған жалпы моторикалық жаттығулар;

-  Ән айту дағдылары мен тыныс алуды дамытуға арналған вокалдық-артикуляциялық жаттығулар;

-  Ырғақты сөйлеуі, сөйлеуді есту мен есте сақтау дағдыларын дамытуға арналған қол қимылымен сүйемелденетін әндер мен өлеңдер;

-  Сөйлеуді, зейінді, кеңістікте бағыт табу, жүруді дамытуға ықпал ететін музыкалық ойындар.

-  Мимикалық бұлшықеттерді,эмоционалдық саланы, қиял мен ассоциативті-бейнелі ойлауды дамытуға арналған жаттығулар;

-  Эмоционалдылықты және ауызша емес қарым-қатынас құралдарының экспрессивтілігін, позитивті өзін-өзі қабылдауды дамытуға арналған коммуникативті ойындар мен билер;

Көрсетілген ақпарат негізінде  ұйымдастырылған  іс-әрекеті  логоритмиканы және оның элементтерін қолдану үшін жаттығулар кешенін ұсынамын:

1. Динамикалық жаттығу:«Көңілді көктем»

Балалар қол ұстасып педагог ізімен еденде жатқан гүлдер арасымен ирелеңдеп өтеді.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

2. Тыныс алу жаттығуы «Тыныс алайық»

Мақсаты: физиологиялық тыныс алуды дамыту, диафрагмалық тынысты қалыптастыру.

Өткізілуі: балалар орнында тұрған күйде, иықтарын көтермей терең тыныс алады, содан кейін демін  іштің қимылын қадағалай отырып сыртқа шығарады. Жаттығу санау арқылы (дем алу- 1,2,3 және дем шығару- 1,2,3) немесе музыкалық ноталарды айту арқылы (до-ре-ми-дем алу, ми-ре-до-дем шығару) үш реттен жеті ретке дейін жасайды.

3. «Мимика»

Мимикалық бұлшық  еттердің дамуы табиғи мимикалық қозғалыстарды қолдануға негізделуі мүмкін:

«Жылау» - көзді қатты қысу.

«Таңқалу» - қасты жоғары көтеру және түсіру.

«Ашулану» - маңдай бұлшықетін жиыру.

«Шар үрлейміз» - бет бұлшықетіне күш салмай ауа жинау.

Алдымен жекелеген бет бұлшықетінің қозғалысы жаттығады, кейін ол мимикалар бірігіп қуаныш, қайғы, реніш, шаттану секілді күрделі сезімдерді бейнелеуге көшеді.

4. «Алыс-жақын»

Мақсаты: дауыс күші мен сөйлеу тынысын дамыту, ерін бұлшықеттерін белсендіру.

Ойын сипаты:Тәрбиеші  балаларға дыбыс жақын жерден шықса, анық, қатты естілетінін, ал егер алыстан естілсе тыныш, жай естілетінін түсіндіреді. Кейін бір балаға қандайда бір заттың немесе жануардың дыбысын қатты және жай айтуын ұсынады. Ал қалған балалар дыбыстың алыстан немесе жақын жерден естіліп тұрғанын табады. Келесі балалар да тапсырманы орындайды.

5. «Үлкен аю қорбаңдап жүреді»

Мақсаты: қимылға сәйкес сөйлеу қарқынын өзгерте алу қабілетін дамыту.

Жаттығу сипаты: «Үлкен аю қорбаңдап жүреді...» деген тәрбиеші  сөзіне балалар асықпай, бір орында аяқтарын биік көтере отырып жүреді және жай «ТОП-ТОП» деп айтып тұрады.

«Кішкентай қонжықтар тез тез жүгіреді...» деген тәрбиеші  сөзіне балалар бір орында қысқа қадамдармен жүгіреді және тез-тез «топ-топ-топ» деп айтады.

6. «Сөзді бөліп айт»

Мақсаты: балаларды сөйлемдегі белгілі бір сөзге екпін қоя білуге үйрету.

Құралдар: әрқайсысында кезекпен боялған 1,2,3,4 цифрлары бар төрт карточка.

Жаттығу сипаты: Балаларға фразадағы сөздердің саны бойынша сандары бар карталар көрсетіледі. Тәрбиеші  балаларға бір сөйлемді әртүрлі қылып айтуды үйренетіндерін айтады. Мысалы төрт сөзден құралған мына сөзді: «Біз дұрыс сөйлеуді үйренеміз» әр карточкаға сәйкес айтады. 1 саны ерекше жазылған карточка көрсетілсе: «БІЗ дұрыс сөйлеуді үйренеміз» деп, 2 саны ерекше жазылған карточкаға: «біз ДҰРЫС сөйлеуді үйренеміз » деп және әрі қарай солай жалғастырады.

7. «Сергіту»

Мақсаты: қол саусақтарының қозғалғыштығын, олардың қозғалыстарының үйлестірілуін, дәлдігін және ауысуын дамыту

Жаттығу сипаты: Балалар орындықта отырып мұғаліммен бірге саусақ қимылдарын жасайды.

Кел балақан, балақан!

Шапалақта алақан

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денеңді.

Қолды қатты соқ енді,

Сарт, сарт, сарт.

8. «Хайуанаттар бағы»

Мақсаты: балалардың зейінін бөлу.

Ойын сипаты: Балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ - қоян, екінші топ - аю, үшінші топ - құс. Содан соң балалар ырғақты өлеңге айнала саппен, хайуанаттар бағына келген адамдар секілді жүреді. Тәрбиешінің «Жануарлар» командасы бойынша айнала саппен өздері бөлінген жануарлар секілді жүре бастайды. Қояндар-секіріп, аю-қорбаңдап, құстар-қанатын қағып жүреді.

9. Ойын, жаттығулардан бөлек фонетикалық ритмикаға арналған өлең, тақпақтар таңдалды.

1. 1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 – алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәттерінен бөлек буын  ұйқастар да кеңінен қолданылады.

1. pa-pa-pa-ұшып жүp apa

ap-ap-ap – дaлa тoлы қap.

pы-pы-pы – жaпыpaқтap capы.

ca-ca-ca – ызыңдaйды мaca.

шa-шa-шa – шaнa.

жa-жa-жa – жaғa

лa-лa-лa – бaлa.

cу-cу-cу – aқ cу.

 

Жаңартылған күні: 11.04.2023 11:35
Құрылған күні: 11.04.2023 11:35

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст