"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"7 мамыр Отан Қорғаушы күні" эстафеталық жарыс

Ақмола облысы

Зеренді  ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» бөбекжайы»

 

 

 

 

«Отан Қорғаушы күні» эстафеталық жарыс

 

 «Құлыншақ» ересек тобы

 

 

 

Денешынықтыру нұсқаушысы: Каппасова А.Б.

                                                                                                      

 

 

 

2021 оқу жылы

 

«Отан қорғаушы күні» эстафеталық жарыстар
Мақсаты: Салауатты өмір салтын нығайту, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, ұжымдастар арасындағы ауызбіршілікті нығайту, достыққа бауырмалдыққы баулу.

Ұлттық ойындарға қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту. Отанға деген сүйгіштікі, ұлтжандылыққа, Отанды ардақтап, аялауға, қастерлеуге, құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Көрнекілігі: Кедергілер, доп, сақина.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.Меңгеруші:Мукушева Д.Е.

2.Әдіскер:Махамбетова Н.М.

3.Балабақша психологі:Тасанова А.О.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.
Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Сақина» ойыны
3. «Көңілді доп» ойыны
4. «Кім шапшаң» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
Таныстыру кезеңі.

Көңілді сайысымыз 2 командадан тұрады.


Шарты: әр команда өз ұрандарымен таныстырады.
1 - ші команда «Болашақ» тобы

2 - ші команда «Сұнқар» тобы
1. Таныстыру

1 - ші команда «Болашақ» тобы

Ұраны: Биіктерге самға достығымыз барда жүреміз тек алда
2 - ші команда «Болашақ» тобы 2 - ші команда «Сұнқар» тобы
Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз ізденуден жалықпаймыз

Жүргізуші: балалар және тәрбиешілермен бірге шеңберге құрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Сақина» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Тепе-теңдікті сақтай отырып белгіленген мәреге жетіп кері қарай жүгіріп келіп сақинаны келесі балаға беру.
 
Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Көңілді доп» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Балалар допты қолына ұстап кедергілер  аларсымен жүгіріп өтіп кері-қарай тұра жүгіріп келесі балаға допты береді.
Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.


Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кім шапшаң» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Бала белгіленген мәреге жетіп бас киімді киіп,орнына қойып тез орнына  жетуі керек.Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.
Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Балалар құрсаудан өтіп, доғалардың астынан еңбектеп тез орнына жетуі(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша меңгерушіге беріледі.

Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

 

Жаңартылған күні: 20.04.2021 14:48
Құрылған күні: 06.05.2021 12:45

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст