"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Ана -аса қымбат жан" ертеңгілік "Тұлпар" тобы

Ақмола обылысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса» бөбекжайы»

 

 

 

 

Мерекелік ертенгілік

«Ана-аса қымбат жан!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тұлпар» мектепалды даярлық тобы

 

 

 

Өткізген: Исабаева.А.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021ж

«Ана-аса қымбат жан!»

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді балалар.
Қош, келдіңіздер! Аяулы әріптестер,қызғалдақ  қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,

8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек.

«Ана-аса қымбат жан!»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1.Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымызға арналған «Айналайын ақ мамам»әнін қабыл алыңыздар. хор
   

2.Ардақты әжелерін, аяулы аналарын,
Мейірбан аппақ көңіл даналарын.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды тақпақпен балаларың, 

Медина

Әжемді жақсы көремін

Өлең айтып беремін

Үлкен болып өскенде,

Бәрін алып беремін.

Мансұр

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.

Аида
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

Дима

Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

Зейнеп
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

 

3.Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз,деп

балаларымыздың биін қарсы алыңыздар.

     

4.Ойын: «Бет әлпетін орналастыр»

   

5.Кезекті балалардың тақпақтарына берейік:

Зағила

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Арғын

Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Жаннұр
Ардақты ана – аяулы анна қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Рома                                                                                                                                              Я маму очень поздравляю
С чудесным праздником весны!
Моя любимая, родная,
Желаю — будь счастливой ты!
Елхан                                                                                                                          Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.

 

6.Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып,ұстаздар,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Медина қызымыздың орындауында

Ән: «Мамочка моя милая»!

 

 

7.Ойын: «Кім жылдам»

    

 

 

 

8. Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз әжем нұр әжем.

Жаннұр қызымыздың орындауында «Айналдым әже» әні
 

9.Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!

Балалардың әрі қарай тақпақтарын тындайық.

Ақмейір

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Глеб                                                                                                                          Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Настя                                                                                                                                 Много открыток,
Много цветов,
Много красивых
И ласковых слов,
Все это мамам,
Милым, родным,
Самым любимым
И дорогим!
Тамерлан                                                                                                                               Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.

 

10.Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

     
11.Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.-дей ортаға Аида қызымыздың

«Мама знает» әнін қабыл алыңыздар

 

Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналарымыздың, аяулы әжелеріміздің,ару қыздарымыздың мейрамдары  құтты болсын!

Міне, құрметті әріптестер  сіздерді тағы да  көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын.  Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет! 

 

Жаңартылған күні: 18.03.2021 15:34
Құрылған күні: 18.03.2021 15:36

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст