"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Шуағын шашқан- аялы алақан"

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса»бөбкжайы

«Тұлпар» ересектер тобы

«Шуағын шашқан – аялы алақан»

 

Өткізген: Тумирзина Д.Г

Амангельдинова А.С

1.  Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

2. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер,тәрбиешілер,педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

 Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!

(Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді әуен қосылып, балалар керемет көңіл-күймен кіреді.)

Хор: «Айналайын ақ  мама»

 

1.  Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың  сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.

 

Тақпақтар

 София

Улыбнулось солнышко

Заглянув в окошко

И согрела ласково                 

Мамины ладошки

Лиза

Пусть сияет солнышко

Пахнут пусть цветы.

И пускай сбываются

Все твои мечты

Мирас

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,         

Арнадым саған бәрін де.

Тимофей

Мы танцуем, мы поем

Праздник этот долго ждем

Чтобы мам поздравить всех

Подарить им счастье, смех!

Артем

Встану утром рано,

Поцелую маму

Подарю цветок букет –

Лучше мамы в мире нет!

Алина

Пусть наши мамы улыбаются

Пускай не плачут, не грустят.

И мы давайте постараемся

Их никогда не огорчать

Ән: «Мамочка родная» орындайтын Наурызбай Медина

 

(Әуенмен Ару көктем кіреді.)

 

Көктем:  Табиғатты ояттың
                 Бүкіл жерді көгертіп,
                 Сендерге мен асықтым
                 Балаларды сағындым.
                 Сәлеметсіңдер ме балалар!
                 Аяулы аналар-әжелер!

2. Жүргізуші:  Ойын  «Гүл сыйлау»

 

1.Жүргізуші: Көрсетер бүгін өнерін,

Бал-бұл жанған ұл-қызың.

Құтты болсын қадамың,

Өнерге басар жұлдызың.

Би: «Гүлдер»

 

1.Жүргізуші:  Бала деген болашақтың арайы,

Балабақша сол бастаудың сарайы.

Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін,

Көрермендер өздеріңе арнайды.

Ән: «Әже мені өте жақсы көреді» орындайтын Дожа Інжу

 

Көктем: Балалар,сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер, мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!

2. Жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Тақпақтар

Інжу

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім      

Қартаймашы анашым

Ұлжан

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде

Дамир

Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін.

Полина

Дорогие наши дамы

Бабушки,сестречки,мамы!

С днем 8 марта вас

Поздравляем мы сейчас!

Солнцу, небу удивляйтесь

И почаще улыбайтесь

Хорошейте,расцветайте

Красотой нас удивляйте

Медина

Ананы мен жақсы көремін,

Ана шаттық, бақыт береді,

Анаменен барлық адам

Бақытты болып жүреді

Айша

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз   

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз!

Абдурахим

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

1. Жүргізуші: Қане,балалар, олай болса ойын ойнайық!

Ойын: «Кім бірінші отырады?»

 

2.Жүргізуші:  Мың бұралып би билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша,-дей келе балаларымыздың «Джентельмен биін»  қарсы алыңыздар!

Би: «Джентельмен»

 

Ойын: «Кім жылдам?»

 

Болсын дейді балалар,
Бақытты өмір, береке.
Әжелер мен аналар,
Құтты болсын мереке!

 

 

 

 

 

 

Ән: «Мамочка милая!» орындайтын Трофимова Полина

 

2.Жүргізуші: Біздің топтың қыздары,
 Неткен сұлу, көркем еді

 Күндей күліп жүздері, 
 Гүлге ұқсап құлпырады.
 Осы гүлдей  жайнаңдар деп,
 Құттықтаймыз сендерді! (ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұсынады)

 

1.Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

2.Жүргізуші: Осымен біздің «Шуағын шашқан – аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болыңыздар! 

Жаңартылған күні: 10.03.2022 16:26
Құрылған күні: 10.03.2022 16:34

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст