"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Тәуелсіз елім тірегім" "Ботажан" тобы

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы

 

Тәрбие сағат

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім тірегім»

 

                                                                                         «Ботажан» ортаңғы тобы

                                                                                           Өткізген: Джакибаева Ж.И.

                                                  2020 жыл

 

Тәуелсіз елім тірегім


 

Мақсаты: Балаларға адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.


 

Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп белгіленген орындарына тұрады
Сахнаға жүргізушелер шығады


Жүргізуші:

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер!


Жүргізуші:

                   Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
                   Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
                   Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
                   Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

 

 

Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларға берейік. Ортаға тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқуға Ержәнібек, Айзере, С.Рома шығады.


 

Ержәнібек

Көк  аспанда желбіре,
Қазақстан жалауы. 

С.Рома

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным! 

Айзере

Отан деген – атамекен

Қазақстан туған жер 

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! «Ботажан» тобының орындауында ән: «Отан-менің анам» әнің қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші : Жарайсыңдар, балалар! Ортаға тақпақ оқуға Дияр, Адель, Д.Рома шығады.

Д.Рома

Біздің Отан ұлы Отан,

Отанымды сүйемін. 


Адель

Отан жерім, Отан суым.

Отан қуат нәр береді. 

Дияр

Егеменді елімде

Біз бақытты баламыз.

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Келесі кезекте топ ұлдарының орындауындағы «Қазақ биі» биін қабыл алыңыздар!

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!  Олай болса, балалар мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.

Ойын «Қыз қуу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: балалар, жарайсыңдар. Ортаға тақпақтарын оқуға Амина, Арнат шығады

 

 

 

Амина

Тыныш болсын еліміз,

Сатылмасын жеріміз.

Еңбек етіп ел үшін,

Сіңсін маңдай теріміз.


Арнат

Тәуелсіздік тұмарым,

Бәйтерегім шырағым. 

Жаса, жаса азат күн

Жаса бейбіт ел, су, жер.
 

Жүргізуші:

Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.


 

Осымен 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім тірегім» атты «Ботажан» тобының шағын тәрбие сағаты аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.12.2020 15:48
Құрылған күні: 21.12.2020 15:48

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст