"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Наурызым -құт берекем" ертеңгілігі "Күншуақ"тобы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауылы

«Балауса»  бөбекжайы»

 

 

 

«Наурызым-құт берекем!»

 

 

Өткізген: Омарова.Г.З

 

2021 жыл

 

 

 

 


Жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні  22 наурыз  мерекесіне арналған «Күншуақ» ортанғы, «Балапан» ересектер топтарының ертеңгілігі

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

 

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Наурыз болсын сәніміз,         

Наурыз болсын әніміз.

Наурыз көже көп ішсек,

Жасарамыз бәріміз.

Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті «Дастархан» әнімізге берейік.

Дастархан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

 

ҚУАНЫШ - бақ тілеп еліме

 МЕРЕКЕ - құт тілеп жеріме                                                                     

 Әлемді аралап, шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме!

 

Осы көктемнің Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

 

Қыдыр ата: 

Жарылғасын құдайым
Тартылмасын ұайым
Апаттардан аманғып

Пәледен сақта әрдайым

Тәуфектігім бола берсін

Білім менен жаңа берсін

 Ынтымақ , бірлік,жомартық                                                                                    

 Ұзын ғұмыр жаңа берсін

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

.

Жүргізуші: Қыдыр ата,наурыз әже қош келдіңіздер, рахмет сіздерге. Тілектеріңіз қабыл болсын. Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін бізде той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Жургізуші.

Науырыз тойың, наурыз тойың

Құтты болсын халайық

Қош келдін төрлет Науырыз деп

Шырқап әнге салайық 

Ән  «Құстар ән салады»

Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар

Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!        Диар

 

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!            Дрыгин   Рома

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.     Дамина

 

Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шыр              Әмина

Әр адам осы наурыздан  үлкен үміт күтіп,  жақсы тілекпен қарсы алады. Ән айтылып, күй  тартылып  би билейді. Ендеше ұлдарымыздың орындауындағы «Жігіттер биін» тамашалаңыздар. 

 Би: «Жігіттер»

 

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.   Диар

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

 

Бала Әже баланы қырқына қай кезде шығарады?     Аймира

 

Әже: Баланы қырқынан шығарады.

 

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

 

Жүргізуші: Наурыз әже балалармен бір ойын ойнасақ қайтеді.

Ойын: «Арқан тарту»

 

Қызғалдақтай  қыздарды

Шақырамыз  ортаға

Тойымызға  сән  беріп

Би  билесін  ортада.

Ендеше, дүбірлі  мерекемізге  би  шашуларын  ала  келген  аруларымыздың биін  тамашалайық.

Би: «Қамажай»

 

Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса          Марк

 

Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша            Артур  

Наурыз келді еліме                                                                                            

Наурыз келді жеріме                                                                                           

Байлық,бақыт тілеймін                                                                                           

Бүкіл қазақ еліне               Аймира                                                                           

 

Наурыз-бұл мереке                                                                                                  

 Құтты болсын береке     Ержанибек

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз « Қол күрес» деп аталады ұлдарымыздың білек күшін тамашалайық

Ойын: Қол күрес

 

Қыдыр Ата: О, халқым  кішкентай  менің  балаларым! Сендердің  бүгін өнерлеріңді  тамашаладым  үлкен  тойының  куәсі  болдық  тойларың тойға  ұласа  берсін  халқымыз  тыныш,  еліміз  аман  болсын!Біз елімізге  қайтайық  аман  сау  болыңдар!

 

 Жүргізуші: 

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! . Той тойға ұлассын.Келесі кездескенше сау болыңыздар

 

Жаңартылған күні: 30.03.2021 15:16
Құрылған күні: 30.03.2021 15:16

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст