"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

«1желтоқсан-Тұңғыш президент күні» тақырыптық сағат "Ботажан"тобы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

МКҚК «Балауса» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық сағат: «1желтоқсан-Тұңғыш президент күні».

                                         

 

Өткізген:Даргенова Ж.Ж

 

 

 

 

 

2020ж

Тақырыбы : «1желтоқсан-Тұңғыш президент күні».
Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі,құдретті тұлға екенің таныту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.                                                                                                          - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады. Әнұран орындалады.                                                                                .
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Марк:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Ержанибек:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлта                                                                                      Айзере:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!

Нұрали:
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!                                                                                                      -Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.«Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді.                                                     -Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Аделя:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
С.Рома:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілді                                                                                                             - Ортада аспан әлемі.                                                                                                                                  Балалар, енді біз бір ойын ойнап алайық. «Асық ату» асық ойыны.

- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Жарайсыңдар, балалар!
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін.

Жаңартылған күні: 30.11.2020 13:00
Құрылған күні: 30.11.2020 13:34

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст