Ақмола облысы
Зеренді ауданы
МКҚК «Балауса» балабақшасы
Ашық көрініс
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызмет түрі: Музыка
Оқу қызмет тақырыбы: «Ұлттық музыкалық аспаптар»
Ортаңғы топ «Тұлпар»
Өткізген: Амурқызы Әсел
(музыка жетекшісі)
2019 жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы
Күні: 13.02.19 ж.
Тобы: Ортаңғы «Тұлпар»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызмет түрі: Музыка
Оқу қызмет тақырыбы: «Ұлттық музыкалық аспаптар»
Мақсаты: Балаларды ұлттық аспаптармен таныстыру, музыкаға қызығушылығын арттыруға.
Көрнекілік: домбра, ұлттық аспаптар бүктемесі, презентация.
Оқу іс-әрекет кезеңі |
Саз жетекшінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Балалар залға марш әуенмен кіреді.
|
Әуеннің сипатын беруге тырысып, тізелерін көтере, нықбасып жүреді. Екпіннің тез жәнежай түрін қимыл мен көрсетеді.
Домбыра туралы әңгімеге қосылып, сұрақтарға, жұмбаққа ойланып жауап береді,шешуін табады. қызығушылықтары артады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан. «Аспаптарды ажырат» Шаршадыңдарма балалар? Еңдеше қазыр біз домбраны қолға алып, менімен бірге «Еркем ай» халық әнің орындап жіберейік! Керемет әнді шырқап бердіңдер! Жарайсыңдар!
|
Казақ халқының ұлттық аспаптар туралы естіп, білгендерін әңгімелейді. Балалар домбыра үнін естіп, елеңдейді. Күйді түсініп тыңдауға талпынады. Аспаптардың үні әдемі, сазды. Сол қолдарын соза оң қолымен домбыраны қағып ойнауды көрсетеді Әнді зейінқоя тыңдап, Қызығушылықтары артады. Композитор Н. Тілендиев туралы түсінік алады. Шеңбер бойымен тұрып, ойынға көңілдене қатысады |
Рефлек сиялық- түзетушілік |
Балаларды шеңберге тұрғызу.
|
Сұрақтарға көңілдене, зор ықыласпен жауап береді. Қоштасып, марш әуенімен шығыпкетеді. |
Күтілетін нәтиже: Өтілген сабақты пысықтау
Біледі: әуенді соңына дейін тыңдауды, нақышына келтіре айтуды, таныс әуендерді ажыратуды.
Игереді: музыканы тыңдап, домбыра аспабымен танысады.
Меңгереді: домбыра аспабының үнін ажыратуды, күйді тыңдай білуді. Әнді жеке және хормен орындай алуды.