Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс –тәсілдер.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз.Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ал – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде тәрбиешілердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - тәжірибеге енгізу;
4 кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым үнемі шығармашылық, ізденіс үстінде болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар болуы керек. Осы тұрғыдан біздің де «Балауса» бөбекжайында оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатыр, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы бөбекжайда жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің бөбекжайымыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4.Воскобович технологиясы
5.Монтессори технологиясы
6. Ойын технологиясы
7.Ақпараттық қатынастық технология
8.Триз технологиясы
9.Дамыта оқыту технологиясы!!!
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсіби құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын, сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып табылады.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.Технологияның негізгі мақсаттары:
Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
Зайцев текшелері бойынша оқуға баулудың мақсаты- сөздерді еріксіз жылдам,сенімді есте сақтауды қамтамасыз ету,мектепте және алдағы өмірінде әрі қарай граматиканы меңгеруге арналған тәсілді игеруге көмектесу.Оқу қызметі ойынмен ,қимылмен жүзеге асырылады,сондықтан да текшелердің пішіні сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да қолдануға жарамды.
Воскобович технологиясы
В.Воскобовичтің ойындарын 4 негізгі бөлімге бөлуге болады:
1.Шығармашылықты дамытатын құрастыру ойындары.
2.Ой мен қиялға арналған ойындар.
3.Математикалық дағдыларды дамытатын ойындар.
4.Әріп тануға арналған ойындар.
«В.В.Воскобовичтің «Күлгін орман ғажайыптары» ойындары. Онда балалар өздігінен әрекет етеді:ойнайды,құрастырады,ересектермен әрекеттесу арқылы алған біліктерін жаттықтырады.Ертегі кейіпкерлерін орналастырады.
Кофрограф ларчик ойыны ,бұнда балалар түстерді ажыратады,пішіндерді атайды,сандарды орналастырып санайды.
Монтессори технологиясы
Мария Монтессори «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті.Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар,ал үлкендердің міндеттері сол энергияның сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» деген екен.
М.Монтессори аймағы бес аймаққа бөлінеді:
* Тіл дамыту аймағы;
*Сенсорлық аймақ;
* Математикалық аймақ;
*Күнделікті өмір жаттығулар аймағы;
*Ғарыштық (Астрологиялық) аймақ.
Қызыл штангалар,алаша орау,түйме салу,бау байлауға үйрету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
«Жақсы ,жаман» ойынын ойнату ,жұмбақ құрастыруға үйрету.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу..
Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Профессор Д.Б.Эльконин пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады».
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.
Асық технологиясы.
Мақсаты:Балалардың ой-өрісін кеңейту,сөйлеу мәдениетін дамыту.Ұлттық ойындар арқылы балаларды белсенділікке,тапқырлыққа,дәлдікке,ептілікке және достыққа тәрбиелеу.
Робототехника балабақшада.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Өйткені, қазіргі балалар белсенді ақпараттандыру, компьютірлендіру және робот жасау дәуірінде өмір сүруде. Сондықтан олар пайдалы технологияларды, робототехниканы үйренуі тиіс. Білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі де осы. Жаңа технологияларға сүйене отырып, баланың бойындағы шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдарды балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу қызметтеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Әдіскер: Махамбетова Н.М.