"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

Масару Ибука «Үш жастан кейін кеш»

26.03.2021

Егер балалардың оқуға деген ынтасы ойыншықтармен, ойын-сауықтармен көмілмей, керісінше, қолдау табылып отырса, әлем қандай бояулармен өзгерер еді.
Егер үш жасар баланың танып-білуге деген құштарлығы циркке барумен, Микки-Мауспен шектелмей, Микеланджело, Мане, Рембранд, Ренуар, Леонардо да Винчидің шығармаларымен де үгіттелгенде мына әлем қандай болары белгілі еді. Өйткені кішкентай баланың әлемді танып-білуге деген құлшынысы өте зор және ең бастысы ненің жаман, ненің жақсы екенін білмейді ғой!
Масару Ибукидің айтқанына қандай негізде сенуге болады? Бұндай сұрақтар туындайтын шығар.
Біріншіден, 1947 жылы елі қиын жағдайдан шыға алмай отырғанда, автор өзінің үш серіктесімен және 700 доллармен фирма құрды, кейіннен оның атын «Sony» деп қойды. Жапонияны құлаған жерінен әлемге атақты еткендердің бірі болған кемеңгер.
Екіншіден, ол сөзбен емес, іспен көрсетеді. «Дарындарды оқыту» ұйымының директоры және ертеден дамыту қауымдастығының(ассоциация) директоры міндетін орындаушы ретінде Мацумотода осы кітапта жазылған әдістер бойынша мыңдаған жапон балаларының оқуына мүмкіндік сыйлап отыр. Масару Ибука бала тәрбиесінің мазмұнын емес, әдісін өзгертуді ұсынады.
Автор нәрестеге білім мен қоршаған орта қандай үлкен әсер ететіні туралы көп ойланады. Бұл мәселе жекелеген балаларға ғана қатысты емес, бүкіл әлемнің денсаулығы мен бақыты үшін де маңызы зор.
Жұмыс барысында дейді, адамдар балаларының тәрбиесіне деген дәстүрлі әдістері жақсы емес екендігін аңғардық. Біз балалар туралы бәрін білеміз деп санаймыз, ал негізі олардың мүмкіндіктері қандай екенін де есепке алмаймыз. Біз оларға назарды үш жастан кейін бөлеміз, біле білсеңіздер қазіргі заманғы зерттеулерге сүйенсек, үш жасқа дейін баланың алдыңғы миының клеткалары 70-80% дейін қалыптасып қояды. Бұл біз бала тәрбиесін ерте кезеңдерден, нақты айтсақ үшке дейінгі жасқа арнауымыз керек емес пе деген сөз?!
Ерте даму кезеңінде құрсақтағы баланы сандармен әріптермен күштеу емес, тек дәл уақытында жаңа әдістерді үйрету. Күніге баланы қарайтын адам, яғни, анасы, осы дәл уақытты зерделейді.
Бір жағынан, мидың физиологиялық зерттеулері, басқа жағынан балалар психологиясы баланың ақыл-ой қабілетінің даму кілтін тапты, ол үш жас аралығындағы баланың танып-білудегі жеке тәжірибесі, яғни, мидың клеткалары дамитын кезеңде.
Ешбір бала кемеңгер(гений) болып, не ақымақ болып туылмайды. Барлығы бала өмірінің шешуші сәтіндегі, яғни алдыңғы мидың даму кезеңінің деңгейі мен стимуляциясына байланысты. Бұл үш жасқа дейінгі уақыт. Бала-бақшадағы тәрбие кеш болады.
Ерте дамутудың негізгі мақсаты - бақытсыз балаларды болдырмау. Балаға жақсы әуенді тыңдату және скрипкада ойнату, бұның барлығы одан атақты музыкант шығару үшін емес. Оған шет тілдерін данышпан лингвист болу үшін емес, тіпті оны бала бақшаға не мектепке жақсы дайындау үшін емес. Ең бастысы баланың шексіз әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оған және әлемге улкен қуаныш сыйлау. Нәрестенің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол дәрменсіз, нақ осы қасиеті үшін оның мүмкіндіктері зор.
Бір қызық жайт, хайуандардың балаларында ми туа біткеннен қалыптасса, адамдардың баласында жүре қалыптасады. Адамның миын таза қағаз беті деп алсақ, осы қағаз немен толтырылғанына қарай, баланың қаншалықты дарынды болып шығатынын білеміз.
Үш жасқа дейін тәрбие берілмесе, одан кейін қанша тырысса да қиынға соғады дейді автор. Сабаққа барған кезде, бірдеңе үйрету мақсатында, баяғы мейірбан, сабырлы ата-ана бірден, ашушаң, қатал болып кетеді. Бұдан, шығаратын қорытынды, барлығы керісінше болу керек. Жасынан қатал да жұмсақ болып, кейін оңды-солды танығанда, оның бостандығына ерік беру керек. Керек уақытта араласпай, кейіннен балаға қысым түсірсек, оның талантын жойып, қарсылық көрсету де ғажап емес.
Бейбіт заман орнауы бізге байланысты емес, ұрпаққа, яғни, жөргектегі нәрестеге байланысты. Мен, ерте кезеңдегі даму жайында артық айтпадым, мүмкін көптеген сыншыларға да тап болармын, бірақ осы кітапты оқып, кез-келген ата-ана баласына ерте тәрбие бере алса, әсіресе үш жасқа дейін, онда мен - өз мақсатыма жеттім, - дейді Масару Ибука.

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст