"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

М.Монтессори педогогикалық жүйісін білім беру үрдісіне енгізу «Сензитивтік кезең»

17.02.2021

М.Монтессори педогогикалық жүйісін білім беру үрдісіне енгізу «Сензитивтік кезең»

Қазіргі таңда жан – жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттау қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан – жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыру барысында М. Монтессори, Денечов, Васкавович педагогикалық технологияларын тәжірибеде қолдану. Денечовтың геометриялық пішіндер, логикалық блоктарын. М.Монтессоридың ағаштан жасалған геометриялық пішіндерін, қуыршақтарын, ойыншықтарын т.б Воскововичтың гиаконг, каврогров, игровизор,күлгін орман, дидактикалық ойындары. Соған байланысты аса қызығушылықты туғызып отырған емін – еркін тәрбиелеу. Технологиялар тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші, әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі көптеген болып табылады.

М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Менің өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар, дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым – қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.

1.Монтессори әдісінің мақсаты:

  • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
  • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
  • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

2.Монтессори ұстазының міндеті:

  • балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
  • негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
  • ұсақ моториканы дамыту;
  • алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
  • зейінін тұрақтандыру;
  • тәртіпке үйрету.

М.Монтессоридің жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы келмейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық, және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолдану.

Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі – заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық, дене, адамгершілік тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.Ең алғашқы жылында бала қозғалыс жасау үстінде жүреді. Онда сензитивтік периодтың даму жолы қалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторикалық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі. Моторикалық даму жеке-дара қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшін түрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс- әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді. Басқа да топтық жаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы, рөлді қойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты түсінікті болу керек.      

         Дамудың сензитивтік кезеңі (латын тілінен sensus -  сезім -  сезімталдық деген мағынаны білдіреді) – тұғаның дамудың жас кезеңдік интервалы болып табылады, бұл кезеңде ішкі құбылыстың бәрі қоршаған әлемнің ықпалына өте сезімтал болып келеді.  Сентизивтік кезең психологиялық функциялардың дамуына да өте  үлкен рөл атқарады.  Негізінен, бес жасқа жеткен балалар фонематикалық конструкцияларды қабылдауға өте сезімтал болып келеді, ал басқа жас кезеңде мұндай қабылеттік төмен деңгейде болады.  Сензитивті кезеңді дұрыс ұйымдастыру ең алдымен оқу кештерін ұйымдастыру қажет. Ең алғашқы жас кезеңінде бал өзінің ана тілінің интонациялық суреттері мен артикуляциясын  меңгереді.  Екінші жылында баланың сөз қоры артып,  сөйлеу ситуативті жағдайдан шығып, қарапайым фразалардан арнайы сөздердің бірігу процесі жүзеге асады, көптеген граматикалық нормалар меңгеріледі.  2,5 - 3 жаста жоғары нүкте; бала түрлі жалғау мен есімдіктерді пайдалана бастайды.  Өз - өзімен сөйлеседі, адамдармен әңгімелесуге мұқтаж болады.  Бұл жаста сөйлеу қарым - қатынас пен әрекетті бақылау болып табылады. Сентизивтілік период деп – баланың өте сезімтал, әртүрлі әрекет түрлеріне көңіл бөлгіш, эмоционалды әсер ету тәсілдеріне де – аса көңіл бөлгіш кезеңін айтамыз. 

Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы. Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру -заман талабы.

 

 

                                                                   «Балапан» ересектер тобының тәрбиешісі:Даргенова Ж.Ж.

 

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст