"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "Балауса" бөбекжайы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное  казенное предприятие "Ясли-сад "Балауса" села Зеренда при отделе образования по  Зерендинскому  району управления образования Акмолинской области"    

"Мектеп жасына дейінгі балаларда дауыс пен музыканы үйлестіру" музыка жетекшісі Амурқызы Асел

Мектепке жасына дейінгі балаларда музыка мен дауысты үйлестіру

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмысының практикасында балалардың ән айту мәдениетін қалыптастыруға басты орын беріледі, оның әсерлі бір түрі – әнді хормен орындау болып табылады. Балабақшадағы музыка сабағында балаларға ән айтуға, оны мәнерлеп орындауға, музыканы әсерлі білуге баулу.
Ән – адамның жан серігі, қуанғанда бой сергітіп, күйзелгенде көңіл жұбатар, жорық жолдарында жігер қосар жайсаң жанр. Оның өміршеңдігі осындай қасиеттерге байланысты. Абай атамыз айтқандай, Әннің де естісі бар, есері бар. Сол себептен де балабақша балаларына әр түрлі әндер сұрыпталып алынады.
Осыған орай балабақша бағдарламасына Б. Ғизатов, К. Дүйсекеев, К. Қуатбаев, Ш. Құлманова, т.б шығармалары сұрыпталып алынады.
Балабақша балаларына ән жанрының ерекше әсер ететінін көптеген ғалымдар дәлелдеп берген. Ән – тыңдаушы және орындаушыға бейнелі сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Ұжымдық болып ән айту – қуаныш сезімін туғызады. К.Д. Ушинский Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар. Міне, сол себептен де балабақшада әнді енгізу керектігі де сондықтан. Ол сезімді күшейтеді, жүректің қан тамырларына жақсы әсер етеді, сезімді тәрбиелейді. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толтырып шығармашылық ойына көмектеседі, – дейді.
Ән айтуға үйрету үрдісі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстырады, музыкалық фразаларды, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйретеді.
Ән айту балалардың организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппараттарын шынықтыруға көмектеседі. Ән айту үрдісінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері, эмоциялық алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезіну айрықша тез дамиды. Баланың жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі міндет атқара отырып, ән айту музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады.
Ән салудың көркемдік-падагогикалық маңызы – ол музыкалық бейнелердің мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне қажетті дағдыларды қалыптастырып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсетуіне көмектесіп, өзіне түсінікті, қызықты, жеңіл әндерді шын пейілмен әсерлі орындауға үйрету.
Ән үйрету үрдісіндегі негізгі міндеттер:
Балаларға әнді әсерлі орындауға көмектесіп, дағдыларын қалыптастыру;
Балаларға сабақ тақырыбына лайықты шығармаларды іріктеу;
Музыкалық есту қабілетін дамыту, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анықтау;
Сабақта ән айту барысында шулы музыкалық аспаптармен қосылып ойнау;

Ойдан құрастыру шығармашылық дағдысын қалыптастыру;
Балалардың ән айту және музыкалық жетістіктерін бағалай білуге көмектесу;
Өз іс-әрекетін қадағалай білу;
Ән айту, үйрету үрдісі топтың әр түрлі мінез-құлқын дұрыс меңгеруді талап етеді.
Ән салу – күрделі үрдіс. Ол есту мен дауысты үйлестіру, яғни дыбыс шығару мен оны есту және резонаторлардың өзара әрекеттерін қадағалай білу деген сөз. Балалардың дауыс аймағын білу репертуардың дұрыс іріктелуіне көмектеседі. Дауыс аумағы дегеніміз – дауыс еркін жететін ең төменгіден, ең биік дыбысқа дейінгі аралық айқындалатын дыбыстар көлемі. Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген, олар: Н.Д. Орлова, Е.И. Алмазов, Н.А. Ветлугина, Д.Б. Кабалевский. Көптеген балалардың бірінші және екінші до1 – до2 шамасынан биігірек дыбыстарды айта алатынына қарамастан, дәл осы шамада балалар дауысының еркін, табиғи шығатынын айтқан.
Балабақша балаларын ән айтуға үйреткенде алдымен әр топтың дауыстары еркін меңгеруі үшін оны жүйелі түрде жетілдіре түсуге ұмтылу керек. Балалардың тым айқайлап ән айтуға еліктемей, қатты сөйлемей, суық ауада ән айтпауын ескерту керек.
Балабақша балаларына әнді, жаттығу үйрету барысында олардың жеке музыкалық даму ерекшеліктерін есте сақтау керек. Балалар өте сезімтал, сенгіш, ал ұстаздардың міндеті – осындай қасиеттерін еске ала отырып, оларға шығармашылық тұрғыда көмек беруі қажет. Сол себептен де музыка сабағында әртүрлі ойын түрлері арқылы, кейбір қиын музыкалық шығармаларды тез түсініп қабылдай алу әбден мүмкін.
Ән үйретуде бірінші мақсат – балалардың көңілін аудару, әнді үйрету қабілетін, сүйіспеншілігін арттыру, сондықтан әнді орындау көркемдік жағынан жоғары болуды талап етеді. Күйсандықты тыңдатып немесе мұғалім өзі нақышына келтіріп орындап, балаларға ән ұнайтындай болуы талап етіледі. Жәй қарапайым ән болса, оның сөзін, мағынасын, мазмұнын балаларға әдемі түрде жеткізе білу керек. Ән туралы әңгіме. Әннің сипатын, мазмұнын түсіндіру көп сөзді болмауы керек. Ең негізгі мақсат – әннің көркемдік бейнесін табу. Кішкентай топтың балаларына барлық әндер ұнай бермейді, мысалы: Бала уату, Күз әндері жәй екпінде, көңілсіз, бірақ әбден жаттап алған соң, бұл әндер де қатты ұнауы мүмкін.
Әнді үйрету алдында, әнді мұғалім мына схемамен талдауға болады.
1. Тәрбиелік құндылығы: музыкалық бейнелеудің негізгі идеясы мен сипаты;
2. Әдеби мәтінінің жалпылама көркемдік сапасы, ерекшеліктері – қаратпа сөздердің, диалогтарының, айтылуы жағынан мәнді сөздерінің болуы.
3. Әнді: әуеннің сипаты, интонациялық әсерлігі, саз, мөлшері, аумағы;
4. Аспаппен сүйемелдеуі (баян, фортепиано, домбыра);
5. Әннің құрылымы (формасы): бір бөлімді, екі бөлімді;
Әнді сөзімен, фраза бойынша үйретсе, балалар тез қабылдайды. Бір фраза бір дем алады. Фраза ішінде дем алуға болмайды.
Әнді нақышына келтіріп орындау жұмысы. Бұл бөлік ең соңғы кезең. Балалар әннің сөзін, әуенін жаттап алған соң, орындау барысында әннің көп кемшілігін өздері табады. Әрине, әннің сапалы орындалуына оның шығу тарихы, композиторлардың өмірі жайлы қызықты әңгіме балаларға көп көмегін тигізері сөзсіз. Әнді орындау барысында мынандай қағиданы естен шығармау керек, олар:
:: Әнді шың-күйіне жеткізе орындау;
:: Әнді орындау барысында, әннің мазмұнын, әуенін ойлау;
:: Ән орындау барысында музыка тілін, динамикалық реңктерді сақтау, жоғары және төменгі дыбыстардың қозғалуын қадағалау.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, әсер – ықпалын, қоғам мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық – педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие – талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова Н., Меңжанова К., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. және т.б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат – біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.
Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады – содықтан, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр- таза болуының кейін орнын толтыру өте киын.

Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сондықтан сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер музыкалық тілі және ақындық та осы болады. 

Жаңартылған күні: 11.01.2021 13:20
Құрылған күні: 11.01.2021 16:30

Байланыс телефоны

8 (71632) 21-7-99

Әлеуметтік желілер

 

Ұйымдар тізімі
Текст