Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауылы
«Балауса» бөбекжайы»
"Мейірімділік - жүректен"
Өткізген: Хайратбай Гулнар
2021 жыл
"Мейірімділік - жүректен"атты тәрбие сағаты
Мақсаты:
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
«Болады-болмайды»
(балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші болатын нәрселерді айтқанда балалар қолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтары-мен тарсылдатады)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).
Пойыздың дауысы
Оқушылар орындарына отырады.
Пойыздың дауысы
Пойыз «Сыпайылық» бекетіне келіп жетті.
Сыпайы адам не істеп жүреді?
-Осы бекеттің тұрғындарымен амандасайық.
«Амандасу» ойыны.
1- вагонның балалары: «Сәлем» - деп, бір қолын бүлғайды.
2- вагондағылар: «Привет»- деп, екі қолын жоғары көтеріп амандасады.
Пойыздың дауысы
«Даналық, ақылдылық бекеті» - де келіп жеттік.
Ақыл айтар мезгілде,
Мың жасаған шалдай бол.
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол. Б. Момышұлы
Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.
«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».
Жүсіп Баласағұни.
Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғабиден Мұстафин.
Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте.
Бауыржан Момышұлы.
Мейірімділіктің жолы- жарық күн.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
1) Сен балабақшадан келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
-Құрметті жолаушылар, шаршадыңыздар ма?
-Демалып алайық.
Тыныштық сәті
Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.
Ары қарай жолымызды жалғастырайық.
Мәтінмен жұмыс
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен- деді тұңғышы.
- Мен барайын! - деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.
- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
- Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақ қою
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
- Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында
Пойыздың дауысы